Мәселе

"Әр балаға 11 мың теңгеден береді!". Желідегі ақпаратқа қатысты түсінік берілді

  • © orgtech.info

    © orgtech.info

Енді бала саны мен жасына, отбасының кірісіне қарамастан қазақстандықтарға әр балаға 11 мың теңге көлемінде жәрдемақы төлетіндігі туралы әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан ақпарат өтірік, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биыл 1 қазаннан бастап отбасының кірісіне қарамастан әр балаға 11 мың теңгеден төленетін төлем туралы әртүрлі месенджер арқылы таратылған ақпарат шындыққа сай еместігін хабалайды.

Баласы бар отбасылардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін қорғау ҚР мемлекеттік саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады.Бүгінгі күні балалы отбасыларды қолдаудың ұлттық моделі құрылды, оның ішінде бала тууды ынталандыруға және отбасында тәрбиелеуге бағытталған мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдер жүйесі ұсынылған:


- баланы тууына байланысты жәрдемақы - бірінші, екінші, үшінші балаға 95 950 теңге (38 АЕК), ал төрт және одан да көп бала туғаны үшін - 159 075 теңге (63 АЕК) көлемінде;


- бір жасқа дейінгі бала күтіміне арналған жәрдемақы - биылғы жәрдемақы мөлшері бірінші балаға - 5,76 АЕК (14 544 теңге), екінші балаға - 6,81 АЕК (17 195) теңге, үшінші балаға - 7,85 АЕК (19 821 теңге), төртінші және одан көп бала үшін 8,90 АЕК (22 473 теңге) көлемінде;


- мүгедек баланы ересек болғанға дейін тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушысына (қамқоршысына), қамқоршысына (қамқоршысына) тағайындалған және төленетін жәрдемақы - 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап орташа есеппен ол 41 578 теңге (1,4 АЕК) көлемінде;


- бала кезінен І-топтағы мүгедек қатарына жататындардың күтіміне төленетін жәрдемақы - 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап, ол - 41 578 теңге (13.4 АЕК) көлемінде.


Сондай-ақ, Қазақстанда "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Қаһарман ана" атағына ие болған, I және II дәрежелі "Ана Даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға табысына қарамастан ай сайын мемлекеттік жәрдемақы төленеді (мөлшері - 16 160 теңге).


Сонымен қатар, 4 және кәмелетке толмаған одан көп баласы бар отбасыларға 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалған жәрдемақы төленеді. 2019 жылы бұл жәрдемақы мөлшері 10 504 теңге болды.


Сонымен бірге, бала туып, бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы жұмыс істейтін әйелдерге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді.


Айта кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаға сәйкес, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерін әзірлеуде. Олар ашықтық, әділеттілік және жұмысқа ынталандыру қағидаттарына негізделетін болады. Балаларды әлеуметтік қолдау шараларына ерекше көңіл бөлінеді.


 


 


 


 


 


 


 




Көрілген: 1356    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.09.2019, 15:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31