Мәселе

Әр балаға 20 мың теңгеден беру мүмкін бе? Қаржы министрі жауап берді

  • http://mnogodetnaymama.ru

    http://mnogodetnaymama.ru

Қазақстанда көпбалалы отбасыларды қолдау туралы және балаға қарау жасын ұлғайту мен жәрдемақыларды көтеру жайлы талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы министрі Әлихан Смайыловтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.


Үкіметтің баспасөз мәслихатда журналистер министрге көпбалалы аналарға, яғни әрбір балаға берілетін жәрдемақыны 20 мың теңгеге дейін көтеру туралы көпшіліктің ұсынысын жеткізді.


"Бұл сұрақты жұмыс тобы қарастырып жатыр. Брінішіден, балаға жәрдемақы берілетін жасты ұзарту, яғни бір жастан жоғарылату. Екіншісі жәрдемақының өзін көтеру мәселесі. Қажетті ұсыныстарды енгіземіз. Бұл әбден мүмкін және оны қарастырамыз" - деді Смайылов.


Министр нақты сандарды айтудан бас тартты, себебі шешім әлі қабылданған жоқ.


"Бұл мәселе қарастырылып жатыр. Бүгін бір санды айтсақ, ертең ол өзгеруі мүмкін. Мұның жөн болмас", - деді ол.


Айта кетейік, Астана балалар үйінің экс-директоры Динара Закиева көпбалалы отбасыларды қолдау үшін асырап алушылардың тәжірибесін қолдануды ұсынған. Ол дегеніміз - әрбір балаға жәрдемақыны 10-20 АЕК көтеруді ұсынды. Ол 25 пен 50 мың теңге аралығында.


"Бес-алты балаға 20 АЕК берілсе, ол төленетін орташа айлықпен тепе-тең, жәрдемақы осындай болса аналардың жұмысқа шықпауына болады", - деді Закиева "Нұр Отан" партиясының республикалық балаларды қорғау кеңесінде.


 




Көрілген: 852    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.02.2019, 20:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30