Мәселе

Араб шейхтарына неге cирек құстарды аулауға рұқсат берілген?

  • Араб шейхтарына неге cирек құстарды аулауға рұқсат берілген?

    Араб шейхтарына неге cирек құстарды аулауға рұқсат берілген?

Экология министрлігі араб шейхтарына жойылуға шақ тұрған құстарды аулауға не үшін рұқсат бергенін түсіндірді. Қазақстан олардың ақшасына қызығып отыр екен. Себебі шейхтар атып алған әр дуадаққа 700 мың теңгеге жуық ақы төлейді, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" жаңалықтарына сілтеме жасап.



Үкімет өткен аптада Катар мен Біріккен Араб Әмірліктерінің 4 шейхына жылына 300-дей құсты атуға рұқсат берген. Аңшылар Қызыл кітапқа енген «жиек дуадақ» немесе «жорға дуадақтарды» Кендерлі-Қаясан, Арыс және Қарақтау, Жосалы мен Оңтүстік Қазақстандағы Мемлекеттік қорық аймағында атуға құқылы. Ал саятшылықтан түскен ақша дуадақтар мен басқа да жоғалып кету қаупі бар жануарларды тіркеу, оны қорғау, сонымен қоса «Охотзоопром» инспекторларын көлікпен қамту және жабдықтауға жұмсалмақ.



Министр Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, Парсы шығанағы елдерінің аңшылары қазынаға 61 миллион доллар қаржы құйыпты. Соңғы он жылда 20 мыңнан астам дуадақ табиғат аясына жіберілсе, оның мыңға жуығы атылған.



"Осы жолы бұларға 273 құсқа рұқсат бердік. Дегенмен қанша шығатыны белгісіз. Ол аңшылық қой. 270 құсқа 181 миллион теңге ақша түседі", - дейді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев. 




Көрілген: 255    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.10.2019, 11:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30