Мәселе

Арақ қойдыратын тәуіптерге сенуге бола ма?

  • Арақ қойдыратын тәуіптерге сенуге бола ма?

    Арақ қойдыратын тәуіптерге сенуге бола ма?

Бір танысымыз  араққа салынып кеткен ұлын арақ қойдыратын тәуіпке Тараз қаласына алып бара жатқанын айтқан еді. Ол: «Ұлым ішпесе тәп-тәуір жігіт. Бұрын арақты ұрттап алғанын көрмеуші едік. Әскерге барып келгелі осы арақ деген пәлеге үйір болып алды.

Бұл әдетін қоятын шығар деп үйлендірдік. Келін түсіргенімізге де көп болған жоқ. Келініміз де аққудың көгілдіріндей сүп-сүйкімді. Қазір аяғы ауыр. Енді бар үмітіміз сол Тараздағы тәуіпте&hellip» &ndash деді.

Осыны естіген соң біз Тараздағы тәуіптің қандай кереметі бар екенін сұрастыра бастадық.

«Менің жұбайым өзінің досы және оның інісімен бірге былтырғы жылы Тараздағы арақ қойдыратын тәуіпке барған еді, &ndash дейді Шымкент қаласында тұратын Ләйла есімді келіншек. &ndash Тәуіп оларды оқып, бір-бір шөлмек араққа дем салып беріпті. Дем салынған арақты келген соң ішіп тауысу қажет көрінеді. Сол шөлмектегі арақ таусылғанда араққұмар адам өз-өзінен қайта арақ ішпейтін болып кетеді-мыс.

Жұбайым үйге келген соң тәуіп берген арақты ішкен сайын лоқсып, құсып жүрді. Соған қарағанда арақтың ішіне бірдеңе қосып жіберген шығар деп те ойлаймын. Ол: «Осы шөлмектегі арақ таусылған соң арақ ішсеңдер өлесіңдер» &ndash деп айтқан екен. Алайда тәуіптің айтқаны айдай келе қоймады. Бір ай, жарым ай арақты қойғансып жүрген жұба­йым көп ұзамай таз қалпына түсті. Алғашында той-томалақ пен отырыс­тарда арақ ішуге қорқып, жүрексініп те жүрді. Кейіннен «оригинал» арақты ішсең бәле де қылмайды екен», &ndash деп мәз болып, араққа сылқия тойып келетінді шығарды».

&hellipОсы тақырыпта тілдескен тағы бір танысымыздың әңгімесіне де қайран қалдық.

«Менің қайным арақ десе ішкен асын жерге қоятынның нақ өзі, &ndash дейді Асқар есімді жігіт. &ndash Жұба­йым сол Тараздағы арақ қойдыратын тәуіпті естіп алып, қоярда-қоймай інісі Мақсатты алып баруға көндірді. Біз тәуіптің алдына бардық. Онда кезек күткен адам көп екен. Жиналған жұрттың бәрін бір мезгілде қабылдаған ол өлеңдетіп тұрып сайрай жөнелді. Не керек, алдындағы арақ қоюға ниет еткеннің ата-бабасының әруағын шақыртып, өзі де арқасы қысқан жандай еліріп кетті. «Ата-бабамыз дүниеден өтіп кеткен ғой. Әруаққа сыйынғаны несі мұның? Неге бір Құдайға тапсырмайды екен?» деп ойладым.

Тәуіптің ата-баба әруақтарын қозғап, олармен тілдесіп жатқанын айтқанда өзім біртүрлі болып кеттім. Баяғыда мектепте бұзақылық жасай қалсақ, ата-анамызды шақыртатын мұғалім апайлардың тірлігі есіме түсіп кетті. Бұл қайным құлқынның құлына айналып кеткен жан ғой. Ол көзі тірі ата-анасының айтқанын тыңдамай отырғанда, сүйегі әлдеқашан қурап кеткен ата-бабасының әруағын қайдан тыңдасын? «Баласы жаманды түйенің үстінен ит қабады» деген мақал ойыма оралды. Ұрпағының иманы әлсіздігінен мүрдесінде де тыныш жата алмады ғой марқұмдар деген ой келді. Маскүнем немере-шөбересі үшін өлген адам қайдан жауап берсін, тірілер жауап бере алмай отырғанда?

Исламда Құдайдан басқадан медет сұрау &ndash Аллаға серік қосу болып табылатынын ойлап, мына тәуіптің қылығына әбден қынжылдым».

&hellipАл жасы елу бестердегі Әнипа есімді апайдың айтқандары жоғарыдағы екі пікірге мүлдем қайшы.

«Жұбайым дүниеден ерте озды, &ndash дейді Әнипа апай. &ndash Үш қыздан кейінгі ілескен жалғыз ұлым араққа салынып кеткен еді. Нағашысы ұрсып жүріп, мас болып жатқан жерінен көлігіне мал өңгергендей салып алып, Таразға алып кетті. Содан Құдай ынсап берді ме, әйтеуір арақты ұрттап алмайтын болды. Құдайға шүкіршілік етіп, ұлымның арақ қоюына себепкер болған ініме күнде алғысымды айтып отырамын», &ndash дейді ол.

«Арақ қойдыратын тәуіптерге сенуге бола ма?» &ndash деген сауалымызды дін өкілдеріне де қойған едік.

«Құмалақ ашу, балгерлер мен тәуіптер &ndash Ібілістің жамағатынан саналады. Оларға ой-өрісі таяз, иманы әлсіздер ғана барады. Есі дұрыс, балиғатқа жеткен, саналы мұсылман баласы бар жақсылықты бір Алладан ғана сұрауы керек. Әрбір мұсылман бес уақыт намаз оқып, оразасын тұтып, Аллаға бар ниетімен құлшылық етер болса, ешқандай тәуіп-балгерді қажет етпес еді. Мұсылманның бойына  мысқалдап мініп алған шайтан араққа салындырып, Құдайға емес, өзіне құлшылық еткізгісі келеді. Намаз оқыңыз, білмесеңіз үйренуге талпыныңыз. Сонда харамнан тазарасыз. Ібілістің жамағатынан саналатын тәуіптер мен бақсы-балгерлердің алдау-арбауына түспейсіз», &ndash дейді мешіт қызметкерлері.

М. ЖҰМАБЕК.

zamana.kz




Көрілген: 2465    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.11.2020, 02:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Желтоқсан 2020
    Сиыр жылына шолу
    28 Желтоқсан 2020
    ТАЗА САЙЛАУ ТУРАЛЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31