Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Арақтың әлегі азаяр емес

19 қаңтар 2011, 13:14

Талай шаңырақты шайқалтып, талай тағдыр­ды тәлкек еткен, талай адамның ажалынан бұрын өмірден озуына себеп болған арақ ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ дастарқанынан нықтап орын алды. Үйге келген қонақты арақсыз қарсы алмайтын болдық. Дастарқанға арақ қою үрдіске айналды. Қой соймағанға емес, арақ бермегенге өкпе айтатын күйге жеттік. «Ауру қалса да, әдет қалмайды» де­мек­­ші, осы бір ділімізге де, дінімізге де жат қылық қасымыздан қалмай, ете­гімізге жармасып-ақ келеді.
Алкогольдің өсер ұрпаққа тигізер зияны ора­сан зор екендігі ертеде – ақ аян болған. Сон­дықтан Ежелгі Римде «30 жасқа дейінгі жас адамдарға алкогольдік ішімдік ішуге ты­йым салынады» деген заң шығарылған. Мұн­дай заң шығарудың негізі бар. Себебі сол уақыттың өзінде-ақ 30 жасқа дейін адам­ның дүниеге ұрпақ әкелу табиғи құ­бы­лысы белсенді болаты­нын білген. Сон­дай-ақ ерте кезде Ресей елін­де де жаңадан ша­­ңырақ көтерген жас­тарға арақ ішуге рұқ­сат етілмеген. Мұндай деректерді көп­теп келтіруге болады. Ал француздар арақ іш­кіш ата-аналардан туылған әлжуаз ба­ла­ларды «жексенбі күнгі балалар» немесе «көңілді кештің баласы» деп кекесінді атаумен атаған көрінеді.
Батыс ғалымдары алкогольдің зардабы кокоиннің зардабынан әлдеқайда асып тү­сетінін айтады. Олардың сөздері де қи­сын­ды сияқты. Өйткені алкогольдік ішім­дікті пай­далану салдарынан қаншама адам өмір­лік мүгедек болып, қаншама адам өмір­мен мезгілсіз қош айтысып, қан­ша­ма от­басына қайғы жамылдырып жат­қан за­ла­лын таразылаудың өзі мүмкін емес.
Төтенше жағдайлар саласы мамандары жеке тұрғын үй секторында орын алатын өрттің 70 пайыздан артығына алкогольдің себепші екенін айтады. Жол полициясы қыз­меткерлері де ірі жол-көлік оқиғала­ры­ның көпшілігінде арақтың әлегі бар еке­нін жоққа шығармайды. Ал құқық қорғау ор­ганы мамандарының мәліметінше, ауыр жә­не өте ауыр қылмыстардың 60 пайыздан артығы спиртті ішімдік ішкен адамдар та­ра­пынан жасалады екен. Нақты мысалдар кел­тірер болсақ, Жаңа жыл мерекесі қар­са­ңында Тараз қаласының 33 жасар тұр­ғы­ны ішімдікке сылқия тойып алып, араққа ақ­ша бермегені үшін әкесін құрбандыққа шал­са, сол қаланың тағы бір зейнет жа­сын­дағы тұрғыны, арақ ішіп келіп, үйде ой­ран салған баласын о дүниеге аттандыр­ған. Ал Көкшетау қаласында араққа ма­сай­ған ана­сы «арақ ішпе» дегені үшін өзі­нің 17 жа­сар баласына пышақ салып, қыр­шы­ны­нан қиылдырған.
Шариғат та арақты харам ас қатарына жат­қызады. Бұл жайында Құран аят­та­рын­да «Адал нәрселерді жеңдер, ішіңдер, ысы­рап етпеңдер. Шарап – Жаратқанның ха­рам еткен нәрсесі. Оны пайдалану Ал­ла­ның тыйымын бұзып, әміріне қарсы шық­қан­мен тең» делінген.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) бы­лай дейді: «Арақ он түрлі қы­­рынан қар­ғысқа ұшырайды». Ішу­ші мен құ­йып беруші, сатушы мен сатып алушы, да­йындаушы мен да­йындатушы, алып кел­ген мен алып келгенге бұйырушы жә­не са­тып күн көрушіні лағнеттейді. Та­ғы бір қадисінде: «Алла тағала қия­мет күні үш түрлі адамға назарын сал­­майды: Ата-анасына мойын­сұн­ба­­ған адам­ға, арақ ішкен адамға жә­не бі­реу­ге сый-садақа беріп, оны мін­­дет­сінген жанға».
Шариғат шараптың адам денсаулығына зиян­дығын, ұрпақ үшін қасірет екенін ай­тады. Зерттеулер нәтижесінде, заманауи ме­дицина да арақтың зиян екенін нақты анық­тап отыр. Дәрігерлік зерттеулер нә­ти­же­сі көрсеткендей, егер де, емізулі әйел арақ ішетін болса, баланың жүйке жүйесі дұ­рыс дамымай, ас қорыту, бауыр, бүй­рек, жүрек-қан тамыр аруларына шалды­ғып, ақыл-есінің дамуы тежеледі екен.
Михаил ПАК, кардиолог:
–Ең сорақысы – әйелдердің ішім­дік­ке салынуы. Тіпті жас бойжет­кен­дер­дің арасында маскүнемдікке шалдық­қан­дар көбейіп келеді. Бұл – қасірет. Біз адам ішімдікке салынғаннан кейін мас­­күнемдік жайлы мәселе көтереміз. Мас­­күнемдікпен күресуді адам ішім­дікке бой алдырмай тұрып ойлауымыз ке­рек. Қазір мұндай мүмкіншілік бар. Қа­­зіргі ғылым бала организмінің сәби ша­ғында-ақ ішімдікке бейім екенін анық­­тай алады. Яғни осы кезден бастап алдын алу шараларын қолға алу ке­рек.
Ішімдікке салынып, созылмалы мас­кү­нем­дікке душар болған ата-аналардан ту­ған балалардың денсаулығына арақтың қан­дай зиян тигізетіндігін көптеген дә­рі­гер­лер өз зерттеулері арқылы анықтаған. Мы­­салы, француз дәрігерлері маскүнем­дік­ке салынған он отбасында дүниеге кел­ген 57 балаға зерттеулер жүргізген. Зерт­теулер барысында 25 бала сәби кезінде ше­­тінеген, бес баланың тырысқақ ауруына шал­­дыққаны, 5-інде ауыр ми ісіктері анық­тал­ған. 12 баланың ақыл-есі кем болып ту­­са, қалған 10 баланың ғана салыс­тыр­ма­лы түрде денсаулығы дұрыс дамығандығы бел­гілі болған. Яғни маскүнемдер от­ба­сында дүниеге келген әр алты баланың бі­ре­уінің ғана денсаулығы қанағаттанарлық бо­­латындығы анықталған.
Бүгінгі таңда алкогольдік өнімдер кез кел­ген дүкенде сатыла береді. Заң бойынша спирт­тік ішімдіктерді жасөспірімдерге са­ту­ға, қоғамдық орындарда ішуге тыйым са­­лынған. Алайда бұл заң толығымен орын­­далып жатыр деп айта алмаймыз. Оның орындалуын жіті қадағалап отырған ор­ган да жоқ. Пайданы көздегендер мүм­кін­дігінше заңды айналып өтуге дайын тұ­ра­ды. Сондықтан алкогольдік өнімдерді ар­найы арақ-шарап дүкендерінде ғана са­ту­ға рұқсат беріп, оларды видеоқондыр­ғы­лар арқылы бақылап отырса, мәселенің бір күрмеуі шешілер ме еді?!