Мәселе

Ардагерлерге қанша теңге төлемақы төленетін болды?

  • Ардагерлерге қанша теңге төлемақы төленетін болды?

    Ардагерлерге қанша теңге төлемақы төленетін болды?

Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер де төлем алады.

Нұр-Сұлтан әкімдігі ардагерлерге 9 мамырға берілетін төлемдер сомасын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Ведомство мәліметінше, Нұр-Сұлтанда Ұлы Отан соғысының 25 ардагері тұрады. Биыл олар бір миллион теңге көлемінде біржолғы төлем алады.

Біржолғы ақшалай төлем тыл еңбеккерлеріне және қайтыс болған ҰОС ардагерлері мен мүгедектерінің әйелдеріне де берілерді, олардың саны 2 695. Олар 32 087 теңгеден алады.

Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер де төлем алады. Бұл ҰОС кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілер; фашистік Германияға қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар; Ленинградта қаланы қоршау кезеңінде жұмыс істеген азаматтар; концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары; жаралануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер; азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған балалары.

Бұл санатқа 415 адам кіреді. Оларға 102 095 теңге мөлшерінде төлем берілуі тиіс.




Көрілген: 665    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.04.2021, 18:35

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30