Мәселе

Арқалықтағы "қасапшылар түрмесінде" жалғыз әйел жазасын қалай өтеп жатыр?

  • Арқалықтағы

    Арқалықтағы "қасапшылар түрмесінде" жалғыз әйел жазасын қалай өтеп жатыр?

Әйел адам "ерлер колониясында" болса да, жеке камерада отырады. Арқалықта аса қауіпті қылмыскерлер түрмесінде жазасын өтеп жатқан жалғыз әйел сот белгілеген мерзім аяқталғанша сол колонияда қалады. Бұл туралы қылмыстық-атқару комитетінің төрағасы, әділет полковнигі Дархан Қанатбеков айтты.


"Сотталған әйел тәртіпті өрескел бұзғаны үшін сот шешімімен ауыстырылды. Ол сот белгілеген мерзім аяқталғанша жазасын өтейді. Содан соң кейін қайтарылады. "Ерлер колониясында" жеке камерада отыр. Тағы да қайталап айтайын: бұл соттың шешімі", - деді Қанатбеков сейсенбі күні баспасөз мәслихатында.


Алайда ол қанша уақыт болатынын нақты айтқан жоқ. Бұған дейін БАҚ-та хабарланғандай, әйел сегіз жылға бас бостандығынан айырылған.


Жиырма алты жастағы қазақстандық - Арқалық қаласында аса қауіпті қылмыскерлер жазасын өтейтін УК-161/12 түзету мекемесіне түскен бірінші әйел.


Ол бұрын Алматы облысындағы түзету мекемесінде отырған.


Арқалықтағы колония халық арасында "қасапшылар түрмесі" деген атпен белгілі. Онда қарақшылық, тонау, зорлау және басқа да ауыр қылмыс жасаған аса қауіпті қылмыскерлер ұзақ жыл жаза мерзімін өтейді. Отыз жыл бойы мұнда тек ер азаматтар ғана отырған. 




Көрілген: 1260    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.08.2019, 18:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31