Мәселе

Арон Атабек не себепті түрмеден ерте босатылмады: Ішкі істер министрлігі жауап берді

  • Арон Атабек не себепті түрмеден ерте босатылмады: Ішкі істер министрлігі жауап берді

    Арон Атабек не себепті түрмеден ерте босатылмады: Ішкі істер министрлігі жауап берді

Ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев қоғам белсендісі Арон Атабектің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін сенатта журналистер ішкі істер министрлігінің өкілінен не себепті Атабектің денсаулық жағдайы ескеріле отырып, ертерек босатылмағанын сұрады.  

 
"Осы сұрақтың көтеріліп жатқанына көп болды. Арон Едігеев (Атабек) 2006 жылы 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ол адам өлтіру және кепілге алу қылмыстары үшін сотталған болатын. 2019 жылдан бастап барлық медициналық тексерістен бас тартты", - деді комитет төрағасының орынбасары.  

Оның айтуынша, барлық түрмеде жыл сайын профилактикалық тексеріс жүргізіледі. Мекеме қызметкерлері Атабектің қатты арықтап кеткенін байқап, медициналық тексерістен өтуге ұсыныс жасаған. Бірақ ол бас тартыпты.

"Біз туған-туыстарын шақырдық. Олар да сөйлесті. Қоғамдық бақылау комиссиясы әңгімелесті. Бірақ Атабек келіскен жоқ", - деп атап өтті Аюбаев.

Биыл 22 қыркүйекте Арон Атабек Павлодар қаласының ауруханасына жеткізілген. Сол жерде медициналық тексеріс жасалды. 1 қарашада Павлодар қалалық соты оны қамау мерзімін қысқартып, бостандыққа шығаруға шешім қабылдады.

Айта кетсек, Арон Атабек 24 қазанда дүниеден озды.  Ол 2006 жылғы “Шаңырақ” оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, 15 жылын түрмеде өткізді. 

Еске салсақ, бұған дейін Арон Атабек түрмеден босатылып, қалған мерзім бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылған. 




Көрілген: 662    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.12.2021, 14:14

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31