Мәселе

Аршалы ауруханасынан шығып, далада өлген пациент: Қызметтік тексеру аяқталды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Дәрігерлер Аршалы қаласында қайтыс болған науқас бойынша жүргізілген қызметтік тергеудің қорытындысын жариялады. Әйелдің денесі стационардан шыққаннан кейін орман алқабынан табылды. Комиссия қорытындысы бойынша Аршалы аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері қолданыстағы заңнама нормаларын бұзған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 60 жастағы науқас 2021 жылдың 21 тамызында Шортанды аудандық ауруханасының жолдамасы бойынша Аршалы аудандық ауруханасының стационарына түскен. Әйелдің жүрек айну, құсу, бас ауруы, ентігу, жалпы әлсіздік, сирек құрғақ жөтел және кеудедегі ыңғайсыздық туралы шағымдары болды. Келесі күні сағат 19:41-де жағдайдың теріс динамикасы мен ауырлығын ескере отырып, консилиумның шешімімен ол қарқынды терапия палатасына, ал 26 тамызда жалпы палатаға ауыстырылған.

 

Ведомстводан атап өткендей, 6 қыркүйек сағат 13:15 кезінде науқасқа жазылып шыққаны айтылды.

 

Әйел баласы келгенде ғана бөлімшеден шығатынын жеткізген. Сағат шамамен 14:15-те науқас медбикеге ұлының келгенін және үйіне шыққысы келетінін айтады. Әрі қарай кезекші медбике оған бөлімшеден шығуға көмектескен.

 

Тек сағат 16:00-де науқастың артынан бір ұлы келді, оған олар әйелдің кетіп қалғанын хабарлайды. Осыдан кейін әйелді іздеу шаралары басталды.

 

«Сағат 17:00-де іздеуге медицина қызметкерлері де қосылды. Қызметкерлер такси жүргізушілерімен сұхбаттасып, жақын маңдағы барлық сауда нүктелерін, науқастың фотосуреті бар дүкендерді аралап шықты. Екі күн бойы дәрігерлер Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірге түнгі сағат 01:00-ге дейін іздестіру жұмысын жүргізді. Біз саяжай учаскелерін аралап, жақын маңдағы барлық қараусыз қалған ғимараттарды аралап, өзен бойымен жүрдік. Екі күннің ішінде іздеуге 60-тан астам адам жұмылдырылды», - деді ведомстводан.

 

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер Аршалы кентінде орналасқан бейнебақылау камераларының жазбасын қарап, Аршалы мен Нұр-Сұлтан арасында тасымалдайтын такси жүргізушілерінен жауап алды, адам көп жиналатын орындарға бағдарлар жапсырды, Аршалы ауданы полиция бөлімінің жеке құрамын бағдарлады. Ақбұлақ, Ижевское ауылының, Аршалы станциясының аумағын аралады. Нәтижесінде 9 қыркүйекте вокзал маңындағы орман алқабынан әйелдің денесі табылды.

 

«Сол күні шұғыл түрде Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменті, заң қызметтері басшысының орынбасары бастаған комиссия құрылды. 10 қыркүйекте басқарма басшысы Нариман Сыздықов Аршалы аудандық ауруханасының инфекциялық стационарын аралап шықты. Стационардың материалдық-техникалық жағдайы қанағаттанарлық. Инфекциялық стационардың бірінші қабатында бейнебақылау камералары бар. Басқарма басшысы санитарлық нормаларды сақтай отырып, ұжыммен этика және деонтологияны қатаң сақтау мәселесі бойынша жұмыс кездесуін өткізді» делінген хабарламада. Сонымен қатар, қызметтік тергеуді объективті және жан-жақты жүргізу үшін денсаулық сақтау басқармасы басшысының 10 қыркүйектегі бұйрығымен бас дәрігер Альбина Анюхина қызметінен уақытша шеттетілді. «Әрекетке қабілетті пациентті шығару туралы мәліметтерді сенім білдірген адамдарға беру мәселесі заңды түрде айқындалмаған. Тиісінше, Аршалы аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері қолданыстағы заңнама нормаларын бұзған жоқ», - деп түйіндеді ведомстводан.

 

Еске сала кетейік, Ақмола облысында стационардан шыққаннан кейін жоғалған 60 жастағы әйелдің денесі табылды. Осыған байланысты Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы шұғыл комиссия құрды.

 

 




Көрілген: 302    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.09.2021, 11:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30