Мәселе

Артында екі жастағы қызы қалды: Оралды дүр сілкіндерген 21 жастағы қыздың өліміне қатысты деректер анықталды

  • Артында екі жастағы қызы қалды: Оралды дүр сілкіндерген 21 жастағы қыздың өліміне қатысты деректер анықталды

    Артында екі жастағы қызы қалды: Оралды дүр сілкіндерген 21 жастағы қыздың өліміне қатысты деректер анықталды

Орал қаласында 21 жастағы қыз аяусыз өлтіріліп, отбасы қылмыскерді қатаң жазалауды талап етіп отыр. Қыздың өлімі қаланы дүр сілкіндірген, деп хабарлайды  Астана телеарнасы.

Настя Чернаяны екі күн бойы іздестірген, бірақ нәтижесінде ағаштары өртенген орманда мәйіт тапқан. Бүгін Настяның жерлеу рәсімі өтті. Оның артында екі жасар қызы қалды.

 
Белгілі болғандай, жас қыз 13 қыркүйекте жоғалып кеткен. Таңертең үйінен шығып, оралмаған. 2 күннен кейін шопан оның жараланған денесін ормандағы күл арасынан тапқан. Настяның қылмыскермен кездесуі қандай жағдайда орын алғаны белгісіз.


Марқұмның кіндік шешесі Марина Бакина марқұмның артында екі жасар қызы қалғанын айтады.

“Оның отбасы да біз көрген нәрсені көріп, сезінсін. Оның ата-анасы қандай күйде? Қылмыскер бұл туралы ойлай ма?! Ол анасын қызынан, ал қызын анасынан айырды. Екі жастағы қызы қалды”, – дейді ол.

Ал достары қыздың ашық, көңілді болғанын, бизнес ашып, отбасын құруды армандағанын айтады. 

Достарының айтуынша, Настя өзімен бірге алтын әшекей, үш телефон және 50 мың теңге ала кеткен Мүмкін  қылмыстың себебі осы болған шығар дейді.

“16 қыркүйекте күдіктінің жеке басы анықталды, ол ұсталды. Ол 1994 жылы туған азамат. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бірқатар сараптамалар тағайындалды, осы істің барлық егжей-тегжейлері анықталуда”, – дейді Мөлдір Қадырғалиева, БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы.

Тергеу мәліметтері бойынша, жұмыссыз ер адам қызды басына ауыр затпен бірнеше рет ұрған. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.




Көрілген: 559    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.09.2021, 22:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31