Мәселе

Аружан Саин 65 млн теңгеге конференция өткізуден бас тартты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин 2019 жылдың 10-11 қазанында ұйымдастырылуы тиіс болған «Азия балаларға қамқор» конференциясының өтпейтінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Бастамамды қолдағаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаевқа және Дархан Кәлетаевқа алғыс айтамын. Конференцияның күн тәртібін, мұндай шаралардың нәтижесін, сонымен бірге мемлекеттік бюджеттен оның өткізілуіне бөлінетін 65 156 000 теңге көлеміндегі қаражатты зерттей отырып, мұндай шараларды өткізу орынсыз деп есептеймін», - деп жазды Аружан Саин Facebook-тегі парақшасында.


Оның түсіндіруінше, біріншіден, аталмыш шараның тек имидждік сипаты болған.


«Ал бізге қазіргі таңда балалардың шынайы проблемаларын шеше алатын нақты практикалық қадамдар керек. Президент Үкімет пен әкімдерге имидждік шараларды бірден қысқарту туралы тапсырма беріп, мемлекеттік шығын тек қарапайым азаматтардың мәселелерін шешуі тиіс екенін ескертті. Екіншіден, шараның бюджетін зерттей отырып (атап айтқанда, аталмыш шараға БҒМ 42 846 500 теңге, Парламент Сенаты 12 810 000 теңге, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 12 810 000 теңге және халықаралық желі жағынан ЮНИСЕФ-те ақша бөлетін болған) бұл шығынды беймезгіл әрі қажетсіз деп санаймын. Мәселен, бизнес-класспен ұшып келуге, қымбат отельдерде қондыруға, 300 адамға кешкі асқа (әр адамға 25 мың теңгеден), кофе-брейк секілділерге бюджеттен ақша жұмсалмақ болған», - дейді ол.


Аружан Саин мемлекеттік органдардан бұл қаражатты Қазақстандағы балалардың шынайы қажеттілігіне бағыттауды сұрады.


«Ең бастысы, елімізде балалардың құқығы қорғалуы тиіс. Ол үшін нақты қадамдарды жасау керек. Халықаралық бірлестіктермен жұмыс жүргізе отырып, тәжірибені жұмыс режімінде алуға болады. Қаражатты шынайы мәселелерді шеше алатын шараларға жұмсаған абзал», - дейді ол.


 


Көрілген: 1061    Пікірлер: 0

сенбі, 31.08.2019, 18:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31