Мәселе

Аружан Саин Түркістан облысында тәрбиешінің жеткіншектерді соққыға жығуына қатысты түсініктеме берді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Түркістан облысындағы жазғы лагерьде тәрбиешінің жеткіншектерді соққыға жығу фактісіне қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«15 тамыз күні жоғарыда аталған балалар суға түсіп шыққаннан кейін 2001 жылы дүниеге келген тәрбиеші суға түсіп жатқан душты сығалап қараған. Байқап қалған тәрбиеші ашуланып, оларды ұрып, тепкен. Бұл оқиғаны балалардың бірі видеоға түсіріп, WhatsApp қосымшасы арқылы топқа жіберген», - деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Facebook-тегі парақшасында.


Оның сөзіне қарағанда, топтың белгісіз қатысушысы видеоны ата-аналарға жіберген.


«Кәмелетке толмағандар фактіні жоққа шығарып отыр. Демалушылардың ата-аналары шақырылды. Сырттай қарағанда кәмелетке толмағандарда көзге түсетін зақым жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған факті Төле би аудандық полиция бөлімінің ақпараттарды тіркеу кітабында тіркелген, тексеру жүріп жатыр», - деді ол.


А.Саин ақпаратты Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқамановтың бергендігін атап өтеді. Бұған дейін«Сұңқар» демалыс орнында балаларды соққыға шыққан тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған едік.


 




Көрілген: 434    Пікірлер: 0

сенбі, 17.08.2019, 16:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30