Мәселе

Арыс қаласының инфрақұрылымы мен тұрғын үй қоры бір айдың ішінде қалпына келтіріледі - Мамин

  • Арыс қаласының инфрақұрылымы мен тұрғын үй қоры бір айдың ішінде қалпына келтіріледі - Мамин

    Арыс қаласының инфрақұрылымы мен тұрғын үй қоры бір айдың ішінде қалпына келтіріледі - Мамин

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкіметтік комиссия басшылығында Арыс қаласына барып, қаладағы төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғын үй ықшамаудандары мен әлеуметтік нысандарды аралады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Үкіметінің басшысы көппәтерлі және жекеменшік үйлер орналасқан "Көктем-1" және "Көктем-2" тұрғын үй алаптарына болды, залалданған жергілікті мектеп, қалалық аурухана мен Халыққа қызмет көрсету ғимараттарын көрді.


ҚР премьер-министріне тұрғын үй, әлеуметтік, инфраұрылымдық және қаланың тіршілік әрекетінің басқа да нысандарына тигізілген зардап туралы баяндалды.


Аралау кезінде А. Мамин ТЖ салдарын жоюға тікелей атсалысқан жергілікті ақсақалдармен және мамандармен әңгімелесті. Олардың қатарына саперлер, медицина қызметкерлері, құтқарушылар және жергілікті билік органдары бар. ҚР Үкіметінің басшысы оларға жұмыстары үшін алғыс айтып, "бірлескен үйлесімді жұмыстың арқасында тұрғындарды уақытылы эвакуациялап, туындаға төтенше жағдайдың ауқымдырақ салдарының алдын алу мүмкін болғанын" атап айтты.


Аралап көру қорытындысы бойынша ҚР премьер-министрі Арыс қаласында төтенше жағдайлар салдарын жою жөніндегі Үкіметті комиссия отырысын өткізді. Оның құрамына министрліктер мен облыстық әкімдіктердің басшылары кірді.


Ағымдағы жағдай мен төтенше жағдай салдарын жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ҚР қорғаныс министрі Н. Ермекбаев, ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев, білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, Түркістан облысының әкімі Ө. Шүкеев, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов баяндады.


ҚР премьер-министрі Асқар Маминге қазіргі уақытта қала аумағын инженерлік барлау, минасыздандыру бойынша жұмыстар жалғастырылып жатқаны, өрт сөндіру ескерілгені, азаматтарды өз үйлеріне қайтару және олардың мал-мүлкінің қорғалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданып жатқаны туралы баяндалды. Аумақтарға жүргізілген тексерулер экологиялық жағдайға қауіп төніп тұрмағанын көрсетті.


"Өздеріңіз білетіндей, Елбасы мен Мемлекет басшысы қаланы жедел қалпына келтіруді тапсырған болатын. Бізге Арыс қаласын шұғыл қалпына келтіру бойынша барлық күш-жігерімізді жұмылдыру қажет. Біз Арыс қаласындағы барлық зақым көрген және бұзылған нысандарды 2019 жылдың 1 тамызына дейін жөндеп, салуымыз керек.Барлық міндеттер оңтайлы, сапалы әрі уақытылы орындалуы керек", - деді ҚР премьер-министрі.


Қаланы қалпына келтіруге еліміздің барлық өңірлері атсалысады. Зардап шеккен тұрғын үй ғимараттары облыстар арасында бөлінеді, олар құрылыс бригадаларын жіберуі керек. Арыс қаласына барлық облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалаларының әкімдерінің орынбасарлары құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру үшін келді. Мемлекеттік материалдық қордан барлық құрылыс материалдары бөлінген.



Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің басшысы А. Мамин қаланың тіршілігін қалыпқа келтіру және оның әлеуметтік-экономикалқ дамуын қамтамасыз ету үшін 10 кешенді шараны атап айтты.


1. Бір ай ішінде қаладағы барлық тұрғын үйлерді жөндеп бітіру;


2. Қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ретінде қаланың әрбір тұрғынына (44 тыс. 781 человек) бір мезеттік 100 мың теңге көлемінде өтемақы төлеу;


3. Арыс қаласынан 4 мың бала сауықтыру лагерлеріне жіберіледі;


4. Әлеуметтік нысандарды жөндеуді ұлттық компаниялардың көмегімен іске асыру көзделген, сондай-ақ құрылыс жұмыстарына ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен бизенс қауымдастық тартылатын болады. 66 әлеуметтік нысанды "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" жөндейді.


5. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 300-ден астам ШОБ кәсіпорнына "Атамекен" ҰКП арқылы ірі бизнес қаражаты есебінен қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарында көмек көрсетіледі;


6. Қала кәсіпкерлеріне а.ж. 1 шілдесінен бастап 5 млн теңгеге дейін жеңілдікпен несиелер беріледі. Биылғы жылдың соңына дейін салықтық каникулдар ұсынылады;


7. Инженерлік инфрақұрылыма, электрмен жабдықтау және байланыс ҚР Үкіметінің қорынан қаражат есебінен қалпына келтіріледі;


8. Газ және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту және қайта жөндеу жоспарланған;


9. Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қала тұрғындарына арналған аурухана мен екі емхана салынады;


10. 2 апта бойы қару-жарақтар әкетіле бастайды. Арсенал қайта орналастырылады.



Алдын ала бағалаулар бойынша, 104 көпқабатты тұрғын үй, 7 200-ге жуық жеке меншік үй, 14 мектеп, 2 аурухана, 28 балабақша, аумақтық мемлекеттік органдар ғимараттары зардап шеккен.




Көрілген: 459    Пікірлер: 0

жексенбі, 30.06.2019, 11:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30