Мәселе

Арыс қаласының оқушылары еліміздің әр өңіріндегі сауықтыру лагерьлеріне жіберіледі

  • Арыс қаласының оқушылары еліміздің әр өңіріндегі сауықтыру лагерьлеріне жіберіледі

    Арыс қаласының оқушылары еліміздің әр өңіріндегі сауықтыру лагерьлеріне жіберіледі

 Арыстағы жарылыс кезінде алты бала түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен. Біреуінің жағдайы ауыр. Қазірде оның өмірі үшін дәрігерлер арпалысуда.


Ал ата-анасынан адасып қалғандардың 170-і аман-есен жақындарымен қауышқан. Одан бөлек 300 оқушы Баянауылға, ал бес жүздейі елордаға арнайы демалысқа жөнелтілмек. Бұл туралы Евразия арнасы  хабарлады.


Арыс қаласындағы жарылыс кезінде бірнеше бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Мәлім болғандай, алты бала Шымкентте ем-дом қабылдап жатыр. Ең кішісі небәрі 1,5 айлық. Жағдайы ауыр болған 2005 жылғы баланы Сарыағаштан санавияциямен қалаға жеткізген. Қазірде бас-ми жарақатымен түскен бес науқастың жағдайы қалыпты дейді ақ халаттылар. Ал тағы бір сәбиге кеудесі мен санына шыны кіріп, салдарынан ол жансақтау бөліміне түскен.


"Арыстағы жағдайдан кейін біздің ауруханада қазір 4 бала жатыр. Оның үшеуінің жағдайы жақсы, бөлімшелерде жатыр. Жақында шығып қалатын шығар. Бір ғана науқасымыз жансақтау бөлімінде жатыр. Ол баланың жағдайы да қазір бері қарап келе жатыр. Осы уақытқа дейін жасанды дем аппаратында жатқан еді. Бүгін таңертеннен бастап өзі демалып жатыр. Бірақ әлі есін жиған жоқ", - деді облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімі бас дәрігерінің орынбасары Әбдішүкір Егізбаев.


Одан бөлек Арыстағы қойма жарылғанда "200-ден астам бала жоғалды" деген ақпарат тараған болатын. Алайда құзырлы органдар алаңдауға еш негіз жоқ дейді. Жоғалған балалардың барлығы дерлік ата-аналарымен қауышқан. Сондықтан да облыстық ішкі істер департаменті әлеуметтік желіде із-түзсіз жоғалып кеткендерге қатысты жарияланған жалған дерекке сенбеуге шақыруда.


"Қазіргі таңда Арыс қаласындағы барлық балалар ата-аналары мен туған-туысқандарының жанында. Алдағы күні 4000-ға жуық бала сауықтыру лагеріне жөнелтіледі", - деді ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.


Бүгін таңертең Павлодар облысы ең бірінші болып Арыс қаласының 130 баласын сауықтыру лагеріне қабылдады. Білім басқармасының мәліметінше, олар 15 күн бойы Баянауылда демалады.


"Тек қана Арыс қаласының балалары. Нақты зардап шеккен аймақтың балалары. Қазіргі келіп жатқан балаларды Баянауылға апарып жатырмыз. Тарихи мәдени ескерткіштермен танысса деп отырмыз", - деді Павлодар облысы білім басқармасы басшысы Дінислам Болатханұлы.


15 жастағы Ерлан Асқар үшін бүгінгі күн ерекше. Өйткені ол туған күнін бірінші рет Баянауылда қарсы алмақ.


"Осы Павлодарға келгеніме ұшақта аман-есен келгеніме, сондай сезім болды", деді оқушы Ерлан Асқар.


"Ауа райы салқын болады деген. Ыстық деген Арыс қаласында тұрамын. 10-сыныпқа өттім", - дейді оқушы Алтынай Бейсембек.


Осылайша апта соңына дейін Павлодарға Арыс қаласынан 170 бала арнайы ұшақпен жеткізіледі. Одан бөлек, Ақмола облысы, Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілігі де 500-ге жуық балаға демалыс лагеріне жолдама беріледі.


Евразия арнасы




Көрілген: 501    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.06.2019, 22:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30