Мәселе

Арыс маңында жарылыс болып, әскери қызметші көз жұмды

  • Арыс маңында жарылыс болып, әскери қызметші көз жұмды

    Арыс маңында жарылыс болып, әскери қызметші көз жұмды

Әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы, майор Ақышев ауыр жарақат алып, көз жұмды. Трагедияның себебі мен салдары анықталуда. Арыс маңындағы полигон аумағында оқ-дәрілердің жиналған бөлшектерін жою жұмыстары кезінде әскери қызметкер көз жұмды.


"11 қазанда арнайы жабдықталған полигон аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) оқ-дәрілердің жиналған фрагменттерін жою бойынша жоспарлы жұмыс барысында оқ-дәрілердің фрагменті уақытынан бұрын детонация болды. Салдарынан топ жетекшісі, әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы, майор А.С.Ақышев ауыр жарақат алып, көз жұмды", - деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Оқиға болған жерден алынған ақпаратқа сәйкес, жұмыстар қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілді.


Трагедияның нақты себебі мен салдары анықталуда. Тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.


Ведомство бұл жағдай полигонға жақын орналасқан елді мекен тұрғындарына қауіп төндірмейтінін түсіндірді, өңірде үздіксіз бақылау жүргізіліп жатыр.


Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады және оларға барлық қажетті көмек көрсететін болады.


Арыстағы жарылыс

24 маусым күні сағат 10 кезінде Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары Шымкент пен көршілес аудандарға шұғыл көшірілді.


Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза тапты: екі әскери қызметкер, бір жергілікті тұрғын және бір бала. Жарылыстан зардап шеккен бала санавиациямен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілген болатын. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.  




Көрілген: 287    Пікірлер: 0

сенбі, 12.10.2019, 13:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30