Мәселе

Арыс маңындағы қай ауылдардың тұрғындары 100 мың теңгеден алады

  • © kazinform.kz

    © kazinform.kz

Билік өкілдері Арыс маңындағы қай елді мекендердің тұрғындары 100 мың теңге өтемақы ала алатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты 100 мың теңге өтемақы беру бойынша түрлі сауалдар туындауда. Көрші елді мекен тұрғындарынан сұрақтар келіп түсуде. Алайда, өтемақы ҚР Үкіметі бекіткен тізім бойынша беріледі.


Атап айтқанда, Арыс қаласы бойынша – 44 994 адам, Ақдала ауыл округінде – 4 324 адам, Қожатоғай ауыл округі бойынша – 4 232 адам, Дермене ауыл округінде – 2 052 адам өтемақы алады.


Жалпы, бірінші кезекте 55 602 тұрғынға 100 мың теңгеден 5,6 млрд теңге көлемінде өтемақы төлеу жоспарланып отыр.


Өтемақы төлеуге ҚР Үкіметінің резерві есебінен 3 млрд теңге, облыстық бюджеттен 1 млрд теңге және арнайы құрылған «Түркістан» әлеуметтік қорына түскен қаржыдан 1,6 млрд теңге бөлінеді деп күтілуде.


Жергілікті тұрғындардан құжат жинауға Арыс қаласындағы 17 секторда бекітілген тиісті мамандар және аудан, қала әкімдіктерінің қызметкерлері жұмылдырылған. Олар 2019 жылдың 3 шілдесінен бастап өтемақы алуға өтініштер жинап жатыр.


 




Көрілген: 381    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.07.2019, 13:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31