Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Арыста жарылыс болды

03 мамыр 2011, 16:01

Арыс қаласына жақын орналасқан ескi қару-жарақтарды кәдеге асырумен айналысатын «Қазарсенал» ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң аумағында наурыздың 20-сында кешкi сағат 9-да жарылыс болды.
Соның салдарынан алапат өрт шығып, жарылыс тоғыз минутқа созылған. «Қазарсеналдың» ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi Арыс қаласынан небәрi екi шақырым жерде орналасқан. ОҚО әкiмдiгi мен Төтенше жағдайлар жөнiндегi департаментi шұғыл түрде iске кiрiскен болатын. Бұған 195 қызметкер мен 24 техника жұмылдырылып, 21 наурыз күнi таңғы сағат төрт жарымда өрт сөндiрiлген.
Жарылыс төрт рет болған. Оқиға орнында үш адам көз жұмып, 12 адам ауруханаға түскен. Қазiр зардап шеккендер Арыс аудандық ауруханасында жатыр. Дәрiгерлер зардап шеккендердiң жағдайы орташа деңгейде деп отыр. Арыс әскери гарнизонына қарасты әскери қалашық тұрғындары көршiлес елдi мекенге көшiрiлген.
Оқиға орын алған жерде бүгiнде Төтенше жағдайлар, Қорғаныс және Iшкi Iстер министрлiгiнiң мамандарынан құрылған комиссия жұмыс iстеп жатыр. «Қазарсенал» ЖШС-ның пайдалану аймағы толық тексерiлуде. ОҚО әкiмдiгi жанынан арнайы комиссия құрылып, келтiрiлген шығындар есепке алынуда. Осы оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексi 246-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық iс қозғалды. Жоғалғандар да бар көрiнедi. Алайда тиiстi органдар бұл турасында тiс жармай отыр. Бұл оқиға талайларды ұйқысынан айыратын түрi бар...