Мәселе

Арыстағы жарылыс кезінде зардап шеккен бала көз жұмды

  • Otyrar.KZ

    Otyrar.KZ

Арыстағы жарылыстардан зардап шеккен сегіз жасар бала бір ай комада жатып, көз жұмды.


Бала 2 тамыз күні таңертең Нұр-Сұлтан қаласының №2 балалар ауруханасында қайтыс болған. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне елорда денсаулық сақтау басқармасы растады.


"Иә, біз бұл фактіні растаймыз", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.


Бала 24 шілде күні Арыстағы жарылыстар кезінде басынан жарақат алып, комаға түсті. Дәрігерлер оның жағдайы өте ауыр деп бағалады. Ол санавиациямен Нұр-Сұлтанға жеткізілді.


Естеріңізге сала кетейік, Арыстағы жарылыстар салдарынан екі әскери қызметкер мен жергілікті тұрғын қаза тапқан болатын. Қала тұрғындары шұғыл түрде көршілес аудандар мен Шымкент қаласына көшірілді.


Қалада минадан тазарту жұмыстары жүргізілді, 28 маусымда тұрғындар үйлеріне қайта бастады.


Қазақстанның қорғаныс министрі төтенше жағдайдың алдын ала себептерін жариялады. Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, электр қуатының қысқа тұйықталуы, қандай да бір оқ-дәрідегі химиялық реакция, диверсия, кездейсоқ заттың тиюі немесе шөптің өртенуі қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.


 Sputnik




Көрілген: 449    Пікірлер: 0

жұма, 02.08.2019, 15:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31