Мәселе

Арыстағы жарылыстан зардап шеккен 2 сапер ауруханадан шықты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Арыс қаласындағы төтенше жағдайды жою барысында зардап шеккен екі әскери қызметші Әскери-клиникалық госпитальден шығарылып, Алматыдағы өздерінің әскери бөлімдеріне орналастырылды. Бұл жайында ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Медициналық мекеме мәліметінше, емделушілер әскери-дәрігерлік комиссиядан өткен. Қазіргі кезде олардың жағдайы жақсы. Госпитальдан шығарылған әскери қызметшілер толықтай қалыпқа келгенге дейін әскери қызметтік міндетінен босатылды.


Қазіргі кезде қалған 8 әскери қызметші Алматы қаласындағы әскери госпитальде ем алып жатыр. Әскери дәрігерлер олардың жағдайын бірқалыпты деп бағалауда.


Әскери-клиникалық гопиталь бастығы, медициналық қызмет полковнигі Самат Сәрсеновтің айтуынша, қажетті аспаптық зертханалық-диагностикалық тексерулер жүргізіліп, жоспарлы ем қабылдау жалғасуда.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, 21 қыркүйекте арнайы топ Арыс қаласынан 60 шақырымда орналасқан арнайы-жабдықталған полигонның аумағында шетел сарапшыларының нұысқаулары мен ұсынымдарына сәйкес, жоспарлы жару жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында жарылыс шұңқырының түбінде қол гранатасының тұтандырғыш бөлігінде жарылыс болды.





Көрілген: 427    Пікірлер: 0

жұма, 27.09.2019, 17:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31