Арыстанбек Мұхамедиұлының суицид жасағаны айтылуда - көмекшісі жауап берді

16 мамыр 2022, 19:41

Экспресс К ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының көмекшісіне хабарласып, мәселенің анық-қанығын білді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өз-өзіне қол салды деген ақпарат ғаламторда қызу талқыланып жатыр.

 

Айдар Қырықбай Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты айтылып жатқан әңгімені расқа да, жоққа да шығармады. Ол экс-министрмен хабарласа алмай отырғанын ғана айтып, қысқа қайырды.

 

Суицид жасағаны, жасамағанын анық білмеймін. Өзімен хабарласа алмай отырмын, — деді Айдар Қырықбай.

 

Экспресс К экс-министрдің өзіне де қоңырау шалды. Алайда, оның телефоны сөндірулі тұр.

 

Кейінірек экс-министрдің ауруханаға түскені белгілі болды. Бірақ Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл мәліметті растамады және жоққа да шығармай екұшты жауап берді.

 

Мен бұл туралы сізге нақты ешнәрсе айта алмаймын. Өйткені Арыстанбек мырза немесе оның отбасы неге рұқсатымсыз ақпарат бердіңдер деп бізге шағым түсіруі мүмкін, деді Баспасөз қызметіндегілер.

 

Әлеуметтік желіде бұған дейін экс-министрдің үйін, оның туыстарының дүние-мүлкін және ол қызмет ететін Ұлттық музейді Антикор тексеріп жатыр деген ақпарат тараған болатын. Онда "Алтын адамның әлем мұражайларындағы шеруі" көрмесіне жұмсалған шығындар туралы айтылады. Арыстанбек Мұхамедиұлы 2019 жылдан бері ҚР Ұлттық музейінің директоры қызметінде.