Мәселе

"Ашуым жетпейді": Бизнесмен көліктің айнасын сататындар қанша ақша табатынын есептеді

  • "Ашуым жетпейді": Бизнесмен көліктің айнасын сататындар қанша ақша табатынын есептеді



Танымал кәсіпкер көліктің айнасын сататындар қанша ақша табатынын есептеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 



Киім брендімен танылған кәсіпкер Ұлықбек Шәріповты қаланың дәл ортасында тағы да сан соқтырып кетті. Осымен бір емес төртінші рет қымбат көлігінің айнасын ұрлатқан ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, ашуға булыққан.


Ол тек алтын квадратта қанша көлік тоналатынын есептеп, жылына осы арқылы адамдар қандай табыс тауып отырғанын жеткізген. Осылайша Ұлықбек Шәріпов ұрылардың оңай жолмен ақша тауып отырғанын түсіндірді. 


"Не болып жатыр өзі? Бұл күлетін жағдай емес. Үш жылдың ішінде төртінші рет. Үш реті әртүрлі көліктен. Алматыда күніне алтын квадраттың өзінде 30-ға жуық көлік айнасын ұрлайды. Көбі қымбат көліктердікі. Орта есеппен алғанда жылына - 3666 көлік. Қара базарда мұндай айналардың екеуінің бағасы шашамен 150-500 мыңды құрайды. Жылына шамамен 916 миллион тек алтын квадраттан ғана. Бұл қандай сан екенін түсінесіздер ме? Ал егер бүкіл Алматыны есепке алатын болсақшы?" - дейді бизнесмен. 


Ол ұрланған айналарға сұраныстың жоғары болуын да өзінше түсіндірді. Оның айтуынша айнасы ұрланған көлік жүргізушісі қымбат авто орталықтардан айна ала алмағаннан кейін, амалсыз қара базарға барады. Осылайша реніш білдірген кәсіпкер мұндай қылмыстың алдын алу үшін өзіндік жолын да ұсынған. Ол шарасыздығымызға қайран қаламын деп отыр. 


"Бұл жерде бәрі әлдеқайда жеңіл. Өз бағасы да жоқ, ешқандай шығын да болмайды, тек таза табыс. Ал көлігіңнің айнасын ұрлап кеткеннен кейін қайда барасың? Авто орталыққа ма? Жоқ әрине, өйткені, ол жерде бағалары тым қымбат. Сол себепті адамдардың көбі ұрланған айна сататын жерге барады. Бұл адамдар емес. Менің басқа сөзім жоқ. Бұл жерде тек бір ғана шешім бар. Атокөлік айналарын сатуды леголизациялау керек. Сол кезде ғана олар ұрланған айналарын сата алмайды. Мен біз осыншалық шарасыз екенімізге сенгім келмейді. Ал құқық қорғау органдары бұған қатысты ештеңе жасай алмай отыр", - дейді Ұлықбек Шәріпов. 


 



 

 




Көрілген: 688    Пікірлер: 0

сенбі, 14.09.2019, 11:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31