Мәселе

Асқар Жұмағалиев: Қазақстан мекенжай анықтамаларынан бас тартады

  • Көрнекі сурет: ortcom.kz

    Көрнекі сурет: ortcom.kz

Қазақстан мекенжай анықтамаларынан бас тартатын болды. Бұл туралы цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Жұмағалиевтің сөзінше, бұл анықтаманы әдетте мемлекеттік органдар талап етеді, алайда олардың бұған құқы жоқ екен. Сондай-ақ жұмысқа алу кезінде жеке компаниялар осындай анықтаманы сұратады, дегенмен Еңбек кодексінде мұндай талап жоқ.


"Біз өздеріңізден келіп түскен барлық ұсыныс-тілектерді ескердік. Егер сізге азаматтың мекенжайы туралы анықтама қажет болса, азаматты сол үшін ХҚКО-на жұмсамай, оны өзіңіз-ақ ала аласыз. Осы мақсатта пилоттық (сынамалы) жобаны іске қоспақпыз. Кадрлық қызметтің қызметкері немесе мекенжай анықтамасын сұратушылар азаматтың үшінші тарапқа рұқсат бергені туралы SMS хабарламаны алысымен, «egov» порталына кіріп, өздері анықтаманы жүктеп алады",- деп жазды ол.


Оның ақпаратынша, бүгінде 7 миллионнан астам қазақстандық «мобильді азамат» базасында тіркелген. Демек осынша азамат SMS-хабарлама арқылы үшінші тарапқа мекенжай анықтамасын алуға рұқсат бере алады.


Ал қалған азаматтар ХҚКО-на барып, телефон нөмірлерін тіркетулеріне тура келеді. Бұл бірнеше минут уақытыңызды алады, алайда бірқатар артықшылықтарға қол жеткізеді екенсіз. Атап айтқанда 25 қызмет түрі мен анықтамаларды ЭЦҚ-сыз телеграмм қызметі арқылы алу мүмкіндігіне ие боласыз.


"Құрметті мекенжай анықтамасын талап етушілер! Жақын болашақта ішкі істер министрлігі және МӨІЖҚА-мен бірлесе отырып, пилоттық жобаны іске қосу күнін белгілейміз. Содан кейін азаматтардан мекенжай анықтамасын талап етпей, оны үшінші тараптың сервисі арқылы өздеріңіз алатын боласыздар. Көмек қажет болса, ХҚКО қызметкерлері сіздерге кеңес беруге әрқашан дайын",- деп жазды Жұмағалиев. 




Көрілген: 816    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.04.2019, 17:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31