Әскердегі өлімді тоқтатудың жолын ұсынған жігіт жұрттың қолдауына ие болды

15 мамыр 2022, 18:41

Оның айтуынша, әскерге шенділердің және танымал азаматтардың балаларын жіберcе, әскердегі өлім сап тыйылады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі, "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Шәй үстінде қоғамдағы үлкен мәселені көтеріп отырған жігіттің бейнежазбасы ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Дархан есімді азамат әскердегі өлімді болдырмаудың тамаша үлгісін ұсынды.

 

Елімізде әскерге кетіп, отбасына табытпен қайтқан сарбаздар көп. Жақында ғана Отарда Әлібек Қалбай есімді жас жігіт жұмбақ жағдайда көз жұмды. Экспресс К Маңғыстаулық азамат туралы бірнеше материал жазған болатын.

 

Қоғамдағы өзекті мәселені дастархан басында көтерген жігіттің видеосы желіде қызу талқыланып жатыр. Онда Дархан есімді азамат әскердегі өлімді тоқтатудың жолын айтады.

 

 

"Егер біздің министрлердің, депутаттардың, президенттің баласы, әнші, блогерлер түгел әскерге баратын болса, сол кезде әскерде өлім болмайды. Өйткені олар баласы өліп қалмауы үшін ол жаққа қоңырау шалып, тәртіп болуын қадағалайды. Ал қазір қарапайым ауылдан барған жігіттер өліп жатыр. Ал дамыған елдерде армияға әншілігіңе, танымалдылығына қарамай алып кетеді", — дейді Дархан есімді жігіт.