Мәселе

Әскери билет жойылады

  • Әскери билет жойылады

    Әскери билет жойылады

Қазақстан қағаз күйіндегі әскери билет­терден түбе­гейлі бас тартуы мүмкін. Мем­ле­кеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөнін­дегі ве­домствоаралық ко­миссияның (ВАК) ке­зекті оты­рысында осы мәселе пысықталды. Жиында қор­ғаныс және ішкі істер са­лала­рындағы мем­лекеттік қызметтерді көрсету үдерісін жеңілдетуге бағыт­талған тың ұсы­ныстар тал­қыланды.

 Белгілі болғанындай, елі­мізде әскери билеттердің қағаз нұс­қа­сынан бас тарту, оларды тек соғыс жағдайын­да ғана беру қарас­тыры­лып жатыр. Қалған уақытта әс­кери билет жергілікті әске­ри ко­мис­са­риатта сақ­талады. Ал әскери мін­дет­тілігі тура­лы хабар­лама «элек­­­­­­­­­­­трон­­ды Үкі­мет» порта­лындағы аза­­мат­тардың жеке каби­нетіне жі­беріледі. – Ұсыныс жүзеге асы­рыл­ған жағдайда азамат­тардан бұдан былай әскери билеттің түп­нұсқасы талап етілмейді. Бұл қадам бюд­жеттік шығын­дарды 100% үнем­деуге мүм­кіндік бере­ді. Қа­жетті дерек­тер­дің бә­рін eGov.kz порталы ар­қылы Қор­ғаныс ми­нистр­­лігінің ақпа­раттық жүйе­­сі­нен алуға бо­лады. Сондай-ақ аза­маттар тұр­ғы­лықты жерін ауыс­тырған кезде оларды әс­кери есепке авто­матты түрде қоюды ұсы­намыз. Тір­кеу кезінде ақ­парат бірден біздің де­рек­қоры­мызға түсе­ді де, біз сол мезетте әскери есепке ала­­мыз. Ол үшін енді аза­мат­тарға әс­кери ко­мис­са­риатқа барудың да қажеті жоқ! Жал­пы, 16 мемле­кеттік қыз­­мет түрін авто­мат­тан­дыр­мақ­пыз, – деді Қор­ғаныс ми­нистрінің орын­басары Тимур Дән­дібаев. Сонымен қатар бірқатар мем­қыз­метті композиттік тәсілмен, яғни «бір өтініш – мемлекеттік қыз­меттер ке­ше­ні» қағидаты бойын­­­­ша көрсе­ту көзделуде. Осы­лай­ша, аза­мат өзін әскери есеп­ке қою­ды өтінген кезін­де оған авто­матты түрде «за­пастағы офи­цер­лерге, сер­жанттарға, сар­баздарға әс­кери билет неме­се олар­дың тел­нұсқасын (әскери би­леттің орнына уақытша куә­лік) беру» мем­лекеттік қызметін көрсету туралы хабарлама жол­данады. Электронды үкіметтің игілігі Ауылға интернет жетсе игі Электронды үкіметтің бірқатар жобалары уақытша істемейді Сондай-ақ отырыс ба­ры­­­сында автокөлік құрал­дарын тіркеу, ке­пілді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру сала­сындағы мем­қызметтерді автомат­танды­руға қатысты мәсе­лелер талқыланды. Бүгін­де бұл қыз­меттер порталда қолже­тімді. Бұған қоса, атал­ған қызметтің түрлерін кө­бейту, сол арқылы олар­ды алу тәртібін жеңілдету ұсы­ныл­ды. – Бұл мәселе біз үшін өзекті. Мемлекет басшысы алды­мызға мемлекеттік қыз­меттерді авто­мат­тан­ды­ру және оңтайландыру жөнінде нақты міндеттер қойды. Осы отырыста қа­рал­ған ұсы­ныстар Прези­дент тапсырмасын іске асы­рудың шарасына айна­лады. Тех­никалық тұрғыдан біз бұған дайын­быз! Біздің ендігі ортақ мін­детіміз – барлық бизнес-про­цестерді бірлесіп пысықтау және осы бағытта жұ­мысты бастау, – деді Цифрлық даму, инно­вациялар және аэро­ғарыш өнер­кәсібі министрінің мін­детін атқарушы Бағдат Мусин.

Елдос СЕНБАЙ




Көрілген: 2434    Пікірлер: 0

сенбі, 29.08.2020, 11:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31