Астана атауы ауыса ма? Қошанов не дейді?

02 наурыз 2022, 19:22

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов елорданың атын ауыстыру туралы сұраққа жауап берді.

 

Мәжіліс Спикері елорда атауы Нұр-Сұлтанды Астанаға ауыстыру жоспары бар ма деген сұраққа: «Мұндай мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ»,- деп жауап берген. Сонымен қатар, ол депутаттардың қаланың атын өзгерту туралы бастама көтермейтінін айтқан.

 

Қазақстанның астанасы – Астана қаласы 2019 жылдың наурыз айында Нұр-Сұлтан болып өзгертілді.

 

 

 

Abai.kz