Астана көшелерін су басты, автобус "кемеге айналды"

07 тамыз 2023, 21:05

Elorda eco system директоры Тимур Шоданов Астанадағы су басу оқиғасынан кейін қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Қаланың нөсерлі кәріз жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан кейбір учаскелерді су басқаны үшін Elorda eco system директоры Тимур Шоданов қызметінен босатылды", - делінген Астана әкімдігі хабарламасында.

 

Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен Elorda eco system алдына жерүсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету үшін тиісті іс-шаралар жүргізу міндеті қойылған: коллекторлар мен жаңбыр суын қабылдағыштарды тазарту, құбырларды булау, нөсерлі кәріз желісінің қуатын ұлғайту және т.б.

 

Еске салайық, 6 тамызда Астана көшелерін жаңбырдан кейін су басқан болатын.

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz