Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Астана тұрғыны жыныстық бопсалауға қарсы пикетке шықты

27 желтоқсан 2022, 18:08

Астана тұрғыны жыныстық бопсалауға қарсы пикет өткізді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Кемсітуге қарсы Myqty.women бастамасының қатысушысы Нұрсұлу Гапурова жыныстық қудалауға қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізуді талап етті.

 

"Мен жыныстық бопсалауға қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізілгенін талап етемін. Қазақстанда әрбір әйел жыныстық бопсалауды басынан өткерді және бұл қандай да бір себептерге байланысты мемлекетке зорлаушыларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жеткіліксіз болып отыр. Біз мемлекет Қазақстан әйелдері мен балаларына неге соншалықты немқұрайды қарайтынын түсінбейміз.

Қоқыс тастау, көшеге түкіру және жыныстық бопсалауға қатысты жауапкершілік бірдей болғаны қалыпты жағдай емес. Бұл әйелдер мен балалар психикасының бұзылуына әкеледі", - деді әйел.

 

 

Акция Астана әкімдігімен келісілген.