Мәселе

Астанада өрт сөндіру кезінде бес баланың денесі табылды

  • Астанада өрт сөндіру кезінде бес баланың денесі табылды

    Астанада өрт сөндіру кезінде бес баланың денесі табылды

Астананың Сарыарқа ауданында уақытша тұрғызылған үйден шыққан өрт салдарынан бес бала қаза болды деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға төртінші ақпан күні болған.


Түнгі 02:34 төтенше жағдайлар комитетінің пультіне Сарыарқа ауданының Шыңғыстау көшесінде уақытша тұрғызылған үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.


Өрт 30 шаршы метр аумақты шарпып, 25 шаршы метр шатыр опырылған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өртті 03:24 ауыздықтаған.


Өрт сөндіру кезінде үйдің ішінен бес баланың мәйіті табылды. Олар 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары туылған. Ата-аналары жұмыста болған.


Өрт сөндіруге Астана ТЖК-нің жеке құрамның 17 адамы және бес өрт сөндіру техникасы және ТЖК-нің ОААҚО жеке құрамының төрт адамы мен бір техникасы тартылды.


Өрттің шығу себебі анықталуда. 




Көрілген: 350    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.02.2019, 09:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30