Мәселе

Астаналық жүргізушінің айыппұл сомасы 6 млн теңгеден асқан

  • © 24.kz

    © 24.kz

Астана жолдарында жүрген 30 жүргізушінің айыппұлы миллиондаған теңгені құрады. Оларды полиция іздеуде.   Айыппұлдардың жалпы сомасы 106 858 960 теңгені құрады, деп хабарлайды Елорда Инфо «Астана Innovations» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ең көп айыппұл – 6 225 405 теңге. Ол Kia Rio және Škoda маркалы екі автокөлікке бір нөмірмен жүрген жүргізушіде.


«Астанада өткен жылдың сәуір айынан бастап Полиция департаменті «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шараларын өткізді. Іс-шаралар шеңберінде Астана аумағында, сондай-ақ барлық «Рубеж» бекеттерінде көлік ағынын бақылаудың автоматты жүйесін, электрондық планшеттерді және «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенін пайдалана отырып, әкімшілік айыппұл бойынша борышкерлер анықталды. Жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде базада жоқ, жалған немесе шетелдік нөмірлер мен жалған мекен-жай көрсетілген 800-ге жуық жүргізуші тоқтатылды», – делінген хабарламада.


Қазіргі таңда қалалық Полиция департаменті жалған немесе шетелдік нөмірлермен жүретін және өзін жазасыз сезінетін тәртіп бұзушыларды анықтауда.


Астанада өткізілген кешенді іс-шаралардың арқасында жол-көлік оқиғаларының саны 15%-ға, ЖКО-да жараланғандардың саны 16%-ға азайды және жолдардағы өлім-жітім екі есе азайды (48 %).


24.kz




 




Көрілген: 409    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.01.2019, 17:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30