Мәселе

Астананы аралап шыққан жаңа әкім кемшіліктерді атады

  • © Photo: Акимат Нур-Султана

    © Photo: Акимат Нур-Султана

Нұр-Сұлтан қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Алтай Көлгінов астананы дамыту үшін қандай жұмыстар жүргізетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Бес күн бұрын қызметіне кіріскен қала басшысы Қазақстанның бас шаһарын салу үшін қыруар жұмыс атқарылғанын, бұл жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті.


"Бұл міндетті маған мемлекет басшысы тапсырды. Жұмысты бастап кеттік. Бүгіннен бастап жылыту маусымына дайындалуымыз керек. Қаланың өмірі үшін маңызды жылу электр станциясын атап өткен жөн. Мұндағы мәселе ЖЭС-ті кеңейтумен байланысты", - деді Алтай Көлгінов тілшілерге берген жауабында.


Сонымен қатар, елорда әкімі алдағы уақытта қандай мәселелерге назар аударатынын айтты.


"Электр желілері бойынша энергияны тиімді пайдалануды арттыру мәселесі тұр. Сондай-ақ, кәріз суағарларын тазалау орындарының жұмысымен таныстым. Оларды да кеңейту керек. Онсыз қаланың өмірі қиындау болады. Қаланың шетін аралап шықтым. Мұнда да инфрақұрылым және абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажет дейді", - дейді қала басшысы.


 




Көрілген: 576    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.06.2019, 09:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31