Мәселе

Асылып қалған келіншектің анасы тергеудің әділ жүргізілетініне сенбей отыр

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Алматы облысында бүтін бір әулет қызымызды суицидке итермеледі деп, полицей күйеу баласы мен оның отбасын айыптады.

Айтуларынша, Гүлмайса Жақыбаеваны күйеуі мен ата-енесі қорқытып, 13 миллион теңге ұрлықты мойнына алуға мәжбүрлеген. Тіпті, сәбиінен бас тартқызыпты. Осыған қорланған 21 жастағы келіншек төркінінің үйінде асылып қалған. Видеоүндеу жазып, әлеуметтік желіге таратқан марқұмның анасы жергілікті полицияның тергеуді әділ жүргізетініне сенбей отыр.

Гүлмайса Жақыбаева Жаркенттің шетіндегі үйден асылған күйі табылған. Мұнда марқұмның ата-анасы тұрады. Жас келіншек төркініне күйеуімен жанжалдасып қалған соң келіпті. Ал келесі күні таңда өз-өзіне қол салған. Жақындары дереу жедел жәрдем шақырғанымен, 21 жасар келіншекті ажалдан арашалап қалу мүмкін болмады.

Гүлмайса бір жарым жұл бұрын Жанат есімді полицей жігітке тұрмысқа шыққан.

Ал оны суицидке итермелеген жағдай бір апта бұрын болды дейді қара жамылған ата-ана. Сол күні Жанат Қуанышбаев келіншегін сотқа апарып, өзгенің қылмысын мәжбүрлі түрде мойындатқан көрінеді.

Ардақ Жақыбаева, марқұмның анасы:

- Бұны әбден қорқытқан, өзі де бұрыннан қорқады екен ғой, бізге білдіртпей жүрген. Қағазды жазғызған. Ол қағазға: «Мен 13 миллион теңге ұрладым, ұрлағаным рас, мойындаймын» деп жазғызған.

Мұнымен қоймай, «Бес айлық баламнан бас тартамын» деп жазғызыпты.

Марқұмның әбден қорқып тұрғанын көріп, соттағылар қағазды қабылдамаған. Ал күйеуі қолхатты қыздың ата-анасына көрсетіпті. Гүлмайса осының бәріне шыдамаса керек. Мұны марқұмның күйеуіне жазған соңғы хатынан аңғаруға болады.

-Сен маған ұрламаған нәрсені мойындатып, «қайтадан қосыламыз» деп алдадың. Әкем мен кенже ағамның алдында масқара етіп кеттің ғой. Енді елдің бетіне қалай қараймын?

Жақыбаевтар әулеті жағдайға полицей күйеу баласын ғана емес, оның отбасын да кінәлайды.

Ардақ Жақыбаева, марқұмның анасы:

-Өзіне қол жұмсауға жеткізіп отырған ол – атасы Тұмабаев Амангелді, күйеуі Қуанышбаев Жанат, енесі Тұмабаева Эльмира.

Бұлар «іс жылы жабылып, кінәлілер жазадан сытылып кете ме» деп қауіптенеді. Өйткені сараптама жасалып жатқан кезде марқұмның күйеуі мен қайын атасы мәйітханада жүрген дейді шағымданушылар.

Кәмшат Жақыбаева, марқұмның әпкесі:

- Жазбаның бәрін өзгертпекші болған ғой, сот-медициналық сараптаманы. Өйткені мына жерде электрошокпен күйдірген ізі бар дейді, қолы көгерген.

Қаралы отбасы енді құдалары теңдік бермей кете ме деп қорқады. Сондықтан істің әділ жүргізілуін талап етіп, полиция бөлімінде шу көтерді. Ешкім шықпаған соң, ашулы ағайын-туыс ішке басып кірді. Көп ұзамай басшылар да келді. Сөйтсе, Гүлмайсаның өліміне байланысты «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабымен қылмыстық іс қозғалыпты. Ал Жанат Қуанышбаев аяқ астынан денсаулығына байланысты демалысқа кеткен.

Айдар Әбдірахманұлы, Панфилов аудандық ПБ бастығының орынбасары:

- Қазір күдікті болып танылған жоқ. Қорғануға құқығы бар ретінде, куә ретінде жауап алынған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру енді басталды. Біз керекті сараптамаларды тағайындадық. Солардың қорытындысын ала келе, заңды шешім қабылдаймыз.

Айта кетейік, жігіттің отбасы Қоңырөлең ауылындағы шаруа қожалығының иесі. Үйіне барғанымызда ешкім есік ашпады. Ауыл тұрғындары мен қызынан айырылған әулет мемлекет басшысына дейін хат жолдаған. Олар кінәлілердің тиісті жазаға тартылуын талап етеді.

ktk.kz

 




Көрілген: 245    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.01.2020, 23:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29