Мәселе

"Аты бар да, заты жоқ": Күршімде жарты млрд теңгеге салынған бассейн қолдануға жарамсыз

  • Көрнекі фото: Pexels.com

    Көрнекі фото: Pexels.com

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында жарты млрд теңгеге салынған бассейн сапасыз болып шықты деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

 

Былтыр бассейн ашылғанда аудан атқамінерлері ардагерлер мен сал ауруына шалдыққан балалар тегін шомылатынын айтқан еді. Алайда арада он ай өтсе де, халық әлеуметтік нысанның игілігін көре алмай отыр.

 

Үгітіліп жатқан цемент мен қаңылтыры қопарылған бассейн салынғанда, ерекше қуанғандардың бірі Әсел Рамазанова. Себебі сал ауруына шалдыққан баласына судағы ем-шараның бірнеше түрін жасайды. Алайда оның қуанышы ұзаққа созылмады. Өткен жылы желтоқсанда пайдалануға берілген нысан сол беті тұр. Жалғызбасты ана кембағал баласын жазда үйінің ауласындағы шағын бассейінде түсірген. Енді күн суытқан соң не істерін білмей отыр.

 

"Менің балама күнде қажет. Өйткені оның сүйектері пластикалық ауруға шалдыққан. Аралас сал ауруына шалдыққан. Сондықтан менің балам күнделікті суда дайындалып, оңалтудан өту керек. Содан кейін бір мәселе жүзу бойынша нұсқаушы келіп, жұмыс істесе деп едік. Ол да жоқ. Бұйыртқан күні болады", - деді Әсел Рамазанова.

 

Бұйыртқан күнді Әселмен бірге талай адам күтіп жүр. Тұрғындардың сөзінше, нысан ашылғанда ғана су толтырған. Одан соң ешкім түспепті.

 

"Аты бар да, заты жоқ болып қалды. Сыртынан қарағанда әрине қуанышты. Ішінде бір уыс су жоқ. Онда ешқандай құрылыс бітпеген. Суы қайда ағады? Олар өткізгенде мұның жүйесін мамандарға көрсету керек еді", - деді зейнеткер Нұрбек Байтұрсынов.

 

Бассейнді Күршім ауданы әкімдігі салғызған. Бірақ биыл қаңтар айынан бастап аудан, ауылдағы білім мен спортқа қарасты нысандар облыстық басқарманың басқаруына өткен.

 

"Сапасын беретін авторлық қадағалау бар. Техникалық қадағалау бар. Ол кісілер қол қойылғаннан кейін қабылданып тұр", - деді Күршім ауданының әкімі Дулат Қаженов.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 522    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.09.2021, 18:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30