Мәселе

Атып өлтірген түлкісімен суретке түскен Төреғали Төрәлінің әрекетіне министрлік түсініктеме берді

  • Атып өлтірген түлкісімен суретке түскен Төреғали Төрәлінің әрекетіне министрлік түсініктеме берді

    Атып өлтірген түлкісімен суретке түскен Төреғали Төрәлінің әрекетіне министрлік түсініктеме берді

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі Instagram парақшасында өлген жануармен суреn жариялап, желі қолданушыларының сынына ұшырады. Бұл оқиғаға экология министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші суретті 25 желтоқсанда жариялаған. Суретте ол өлген жануардың мойынан ұстап отырған. Ол аңшылық кезінде атып алған олжасы болуы мүмкін. 

 
Желі қолданушылары әншінің әрекетіне наразылық білдіріп, айыптады.

"Бұл күнә. Неге сіз жануарларды өлтірдіңіз?", "Неліктен сіз жануарды азаптадыңыз? Жауыз екенсіз. Бұл да тірі жаратылыс, Құдайдың жаратылысы", "Күнә емес пе бұл? Бай, жалқау адамдар. Бұл қасқырдың пірі қарғыс айтады", - деп жазды олар.

Экология министрлігі аталған фотоға түсініктеме берді.

Ведомствоның мәліметінше, түлкі жануарлардың аңшылық түріне жатады және егер оларды аулауға рұқсат болса, әрекет заңсыз деп саналмайды.

"Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы бұйрығына сәйкес түлкі аулауға 1 қарашадан 15 ақпанға дейін рұқсат етіледі. Бірақ тиісті лицензияның болуы міндетті түрде. Алайда мұндай фотосуреттерді жариялау жануарларға қатысты зорлық-зомбылықты насихаттау болып саналады. Қазіргі уақытта Алматы облысының полиция басқармасы істің мән-жайын анықтап жатыр. Полиция нәтижеге құқықтық баға береді", - деді экология министрлігі.

Айта кетейік, қазіргі таңда әншінің Instagram парақшасыннан бұл суретті көру мүмкін емес.




Көрілген: 1588    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.01.2021, 19:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31