Мәселе

Атырау облысында ата-ана балабақшада болған жағдайды видеоға түсіріп алды

  • Атырау облысында ата-ана балабақшада болған жағдайды видеоға түсіріп алды

    Атырау облысында ата-ана балабақшада болған жағдайды видеоға түсіріп алды

Видео түсірген келіншек үйінде ауырып жатқан баласының киімін алып кету үшін бақшаға келген кезде белгісіз зат шашып жүрген ер адамды көрген

Атырау облысының Жылыой ауданындағы "Әсем" балабақшасына арнайы киім киген ер адам дезинфекциялық зат шашқан. Ата-аналар мұны видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Астана TV арнасына сілтеме жасап.

Видеоны түсірген келіншектің айтуынша, үйінде ауырып жатқан баласының киімін алып кету үшін бақшаға келген кезде белгісіз зат шашып жүрген ер адамды көрген. Мектепке дейінгі мекеменің шаруашылық меңгерушісі де залалсыздандыру маманының ғимаратқа кіргенінен хабарсыз көрінеді. Ал білім басқармасының мәліметінше, ғимарат ішінде масаға қарсы дезинфекция жүргізілген. Балалар ол уақытта аулада болған.

"Дизсервис" компаниясы келісімшартқа сәйкес жүктелген міндетті атқарып жатыр. Бұл жерде балаларға зақым тиетін немесе қызметкерлердің қандай да бір улану фактілері болған жоқ", - дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова.




Көрілген: 703    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.09.2021, 13:48

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30