Мәселе

Атырау облысында белгісіз аурудан 2 мың бас ұсақ мал қырылып қалды

  • Көрнекі сурет.   © Егемен Қазақстан

    Көрнекі сурет. © Егемен Қазақстан

Атырау облысының Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылындағы асылтұқымды қой шаруашылығының малы жаппай қырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.


Сәуір айында басталған індеттен күні бүгінге дейін 2100 бас Еділбай қойы арам өлді. Барлық отардағы малға екпе жасалғанымен, өлім-жітім әлі де толастамай тұр.


«Ал жергілікті атқарушы билік өкілдерінен қайыр жоқ», – дейді шаруалар.


Сүйіндіктегі асылтұқымды қой зауыты – облыстағы ең ірі шаруашылық. 10 мың бас саулық биылғы төлімен 17 мыңға жетер еді. Бірақ кенеттен келген кесел орасан шығын әкелді.


Аудандық мал дәрігерлері «күл» немесе «шешек» деп аталатын аурудың диагнозын қойып, екпе жасаған.


Халиық Сейітжанов, мал дәрігері:


- Бастапқы кезде нақты диагнозы табылмағанымен, малды аман сақтау мақсатында отарлар түгелдей егілді, ауырғаны да, ауырмағаны да. Егілгеннен кейін іш тастау басталды. Түгел шарасы алынса да әлі шығын тоқталмай тұр.


Жаппай егілгеннен соң ауырмаған мал да қырыла бастаған. Демек диагноз әлі де дұрыс қойылмағаны ақиқат.


Ал шаруалар миллиондаған қаражатқа 36 мың дана екпе сатып алды. Ауыл шаруашылығы министрлігі болса екі айдан соң бұл диагноз анықталмады деген. «Сонда қыруар ақшамыз далаға кетті ме», – дейді шаруалар.


Бауыржан Исақұлов, шаруа қожалығының басшысы:


- Бізге мемлекет тарапынан ешқандай қолдау көріп жатқан жоқ. Барлығы өз қаражатымыздан. Енді дер кезінде ветеринария бөлімі бізден қан алды, облысқа мақұлдатып астанаға, жоғары жаққа жіберілгенімен, 2 айдан кейін таза деген жауап келді, бірақ біздің малдың диагнозы күні бүгінге әлі анықталмай отыр. Құзырлы органдар осыны хабарлап, мүмкіндігінше бізге дотация, болмаса компенсация төлеп көмек етсе деген пікірім бар.


Шаруашылықтың шығыны нарықтан төмен баға, орта есеппен алғанның өзінде 60 миллион теңгені құрап отыр. Бұл қожалықтың мал азығы, техника, жұмысшылардың жалақысы, әлеуметтік салаға бөлінетін қаражат, тағы да басқа қажетіне жарататын бір жылдық ақшасы болатын. Өкінішке қарай, екі айда індет бүкіл табысты жалмап кетті.


Жұқпалы ауру проблемасы жөнінде аудандық ветеринария жатқа біледі. Бірақ карантин жарияламай отыр. Аурудан тұрғындардың жекеменшік малы да, шағын шаруашылықтың қойлары да қырылып жатыр. Бірақ олардың үндерін шығармайды. Ал мына серіктестіктің 10 мың бас қойы бар, жылына 25 млн теңге салық төлеп, 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Сондықтан шырылдау үстінде. Ал біздің атқарушы билік өкілдерінің алдына былқым піскен бас пен жамбас келгенде ғана қой естеріне түсетін сияқты.


 


 




Көрілген: 308    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.06.2019, 16:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30