Мәселе

Атырау облысында белгісіз мақұлық қорадағы малды қырып кетті (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Атырау облысындағы Мақат ауданының Доссор ауылында белгісіз мақұлық қорадағы малды қырып салған. Тұрғындар бұған алаңдаулы, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Белгісіз мақұлық ауыл шетіндегі үйдің қорасына кіріп, ешкі-лақты қырып кеткен. Тіпті бірін жартылай жеген. Тұрғындар қан-жоса болған көріністі бейнежазбаға түсіріп алып, әлеуметтік желіге салыпты. Бірі оның сілеусін екенін айтса, бірі мәлін дейді.

 

Осы мәселенің анық-қанығын білу үшін Доссор ауылының әкімі Болат Ермековпен хабарластық. Оның айтуынша, кеше кешкілік WhatsApp әлеуметтік желісінде видео тарағаннан кейін ветеринар дәрігермен бірге мамандар барған.

 

"Шарбақта тұрған малды белгісіз мақұлық өлтіріп кеткен. Бірақ қандай аң өлтіргенін көрмегеннен кейін, нақты айта алмаймыз. Маманның болжамы бойынша жабайы мысық, яғни сілеусін болуы мүмкін. Бұндай мысықтар Каспий теңізіндегі қамыс арасында болады екен. Олардың түрі көп көрінеді. Өткір тырнақпен малдың тамағынан пышақпен орғандай орып жіберген", — дейді әкім.

 

 

Оның айтуынша, жақын күндері ауылдағы қаңғыбас иттер қорадағы қой-ешкіні талаған. Тиісті мамандар қаңғыбас иттердің бірнешеуін атып, көзін құртыпты.

 

"Осындай жағдай болар деп ойлағанбыз. Бірақ маман тексере келгенде бұл аңның итке де, қасқырға да ұқсамайтынын айтты. Себебі тырнағы өте өткір, әрі ізі ұсақ екен", дейді Болат Ермеков.

 

Бүгін ауыл әкімі барып, тағы анықтайын десе, үй иесі кетіп қалыпты. Тіпті кеше мамандардың келгеніне де қарсылық білдірген.

 

"Біреудің үйіне басып кіре алмаймыз. Бірақ соған қарамастан ауыл, аудан тұрғындарына әлеуметтік желі арқылы сақ болу керектігін ескертіп жатырмыз. Қандайда бір беймәлім аңды көргендер болса әкімдікке, полицияға хабарласуын сұраймыз," — деді ауыл әкімі.

 

Мамандардың айтуынша, осындай жағдай осыдан он шақты жыл бұрын қайталаныпты.

 

 




Көрілген: 1034    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.10.2021, 19:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31