Мәселе

Атырау облысының полиция бастығына ат мінгізді: министрлік видеоны тексеріп жатыр

  • Атырау облысының полиция бастығына ат мінгізді: министрлік видеоны тексеріп жатыр

    Атырау облысының полиция бастығына ат мінгізді: министрлік видеоны тексеріп жатыр

Видео желіде жарияланған соң қызметтік тергеу басталды. Әлеуметтік желіде тараған видеода Атырау облысының полиция департаменті басшысына ұқсас адамға ат мінгізеді.

 Кадрларда сыйлық ретінде сәйгүлікке ие болған ер адам халықтың қошеметімен атқа мінген.


Қазақстанның ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді.


"Ішкі істер министрлігі Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсенбаевқа қатысты видео әлеуметтік желіде жариялануына байланысты қызметтік тергеу жүргізу үшін өңірге аттанды", - делінген ведомство хабарламасында.


Министрлік атап өткендей, қызметтік тергеу нәтижесі бойынша заңға сәйкес шешім қабылданады.


Дүйсенбаев туралы не білеміз

Атырау облысының полиция департаменті бастығы полиция генерал-майоры Аян Дүйсенбаев 1966 жылы дүниеге келді. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.


Әр жылдары Атырау облысы ішкі істер басқармасының "Арлан" арнайы бөлімшесінің командирі, ішкі істер министрлігі департаментінің бастығы қызметін атқарды. Өңірдің полиция департаменті басшысы болып 2016 жылдың тамызында тағайындалған.


Казиноға қатысты шу

2018 жылы әлеуметтік желіде Аян Дүйсенбаевқа ұқсас азаматтың казинода ойнап отырған сәті түсірілген видео тарап кетті. Кейінірек ІІМ роликке қатысты берген түсініктемеге сүйенсек, видео 2014 жылы түсіріліпті, ол кезде Дүйсенбаев досымен бірге Минскіде демалыста болған екен.


Ішкі істер министрлігі сендіргендей, ер адам ойынханаға досын алып кетуге барады. Дүйсенбаев құмар ойынын ойнамаған, бұған "2014 жылдың қазанында жүргізілген тексеру дәлел".




Көрілген: 227    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.05.2019, 11:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31