Атырау тұрғынына Нұр-Сұлтаннан өзгенің айыппұлы келген
Атырауда өткен жылдың желтоқсан айынан бері айып тұрағында тұрған көлігіне бөтен айыппұлдар келе бастағаннан кейін көлік иесі полицияға жүгінді.
 
Белгілі болғандай, оның ресейлік нөмірімен тағы бір «Toyota Estima» Нұр-Сұлтан көшелерінде жүр екен.
 
- Бірдей нөмірлі көліктің Атырауда жол ережесін бұзып, адам өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша өтіп жатқаны анықталды. Елордада ұсталған көліктің «сыңары» коммуналдық айып тұрағына қойылды, - деп хабарлады Нұр-Сұлтандағы полиция департаменті.
 
Полиция тыйым салынған көліктің мемлекеттік нөмірі басқа жүргізушіде қалай пайда болғанын тексеріп жатыр.