Мәселе

"Атырауда балаларды улап жатыр": Балабақшада түсірілген видео ата-аналарды шулатты

  • "Атырауда балаларды улап жатыр": Балабақшада түсірілген видео ата-аналарды шулатты

Әлеуметтік желілерде Атырау облысында балабақшадағы балаларды жаппай улауда деген хабарлама таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде таралған ақпаратқа сәйкес, оқиға Құлсарыдағы "Әсем" балабақшасында орын алған. 

 
Бұл жағдай туралы  Жылыой аудандық білім бөлімі пікір білдірді. Құзырлы органдардың мәліметінше, мекемеде жәндіктерге қарсы зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілген. 

"Әсем" балабақшасында 10 қыркүйек күні "ЖылыойДезсервис" мекемесі дезинфекция (жәндіктерді улау процедурасы), яғни маса улау жұмыстарын жүргізген. Маса улау шарасы кешкі сағат 17.00 шамасында, яғни, балаларды ата-аналар алып кететін уақытта жасалды. Балалар аулада тәрбиешілерімен бірге болды”, – делінген хабарламада.

Сөзінше, ата-аналардың бірі жалған ақпарат таратып жіберген. 

“Маса улау жұмысын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген ата-ананың баласы 10 қыркүйекте балабақшаға келмеген. Анасы кешкі сағат 18.00 шамасында балабақшаға баласының киімдерін алып кетуге келген. Ескертуге қарамастан, "балаларды улап жатыр" деген бағытта жалған ақпарат таратып, видео түсірді. Балабақшаға қатысты жалған ақпарат таратқан ата-анаға шара қолдану үшін "Әсем" балабақшасы тарапынан құқық қорғау органдарына шағым түсіріледі", – деді білім бөлімінің өкілдері. 




Көрілген: 515    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.09.2021, 09:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31