Мәселе

Атырауда бүлдіршінге қол көтерген балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды (видео)

  • © kaz.tengrinews.kz

    © kaz.tengrinews.kz

Атырауда бүлдіршінге қол жұмсағаны үшін сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақшаның тәрбиешісі жұмыстан қуылды, - деп хабарлайды ATPress.kz.


Осыған дейін баланы ұрып-соғып жатқан сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен еді. Желі қолданушылары жергілікті билік өкілдерінен мектепке дейінгі мекеменің қызметкеріне шара қолдануды сұрады.



Осыдан кейін видеоға қала әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері жауап берді.


"Қаланың білім басқармасы тәрбиешінің ісі үшін кешірім сұрайды. Сонымен қатар, тәрбиеші әдепті бұзғаны үшін және балалар мекемесінің 18.06.2019 жылдың № 25 бұйрығымен тәрбиеленушіге қол жұмсағаны үшін жұмыстан қуылды. Қалалық білім басқармасы Атыраудың мектепке дейінгі мекемелерінің басшылары мен тәрбиешілеріне қызметтерін адал және қызметтік міндеттерін дұрыс атқару керек екенін ескертеді. Енді осындай оқиға қайталанатын болса мекеме қызметкерлері мен оның басшылығы қызметтен босатылады", - делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.


Тengrinews.kz


 




Көрілген: 516    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.06.2019, 11:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31