Мәселе

Атырауда жедел жәрдем жүргізушісінің әйелі жанұшыра әділдік іздеуде (видео)

  • https://pricom.kz/

    https://pricom.kz/

Атырауда кісі өліміне айыпталып отырған жедел жәрдем жүргізушісінің әйелі жанұшыра әділдік іздеп жүр. Тергеудің таза өткеніне күмән келтірген әйел тексеру кезінде жолда жатқан кісіні күйеуінен бұрын екі көлік басып өткені белгілі болса да, тек оның күйеуіне кісі өлімі айыбы тағылып отырғанымен келіспейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Атыраулық жедел жәрдем жүргізушісі Асқар Мұқашевтың үйқамақта отырғанына бір жылдан астам уақыт өтті.

 

Әйелі Қаламқас Бердиеваның айтуынша, былтыр көктемде болған жол-көлік оқиғасын тергеу материалындағы дәлел видеоның бір жарым минуты қиылған. Видеоның түпнұсқасы оның күйеуінің кінәсін жеңілдетер еді. Ал сот отырысы жақындап қалды.

 

Оқиға жолдың қарсы бетіндегі азық-түлік дүкенінің бейнекамерасына түсіп қалған. Асқар Мұқашевтың әйелі сол бейнежазбаның негізгі дәлел ретінде тіркелгенін жеткізді.

 

Алайда ол тергеу материалындағы видеоның бір бөлігін не үшін кесіп тастағандарын түсіне алмай дал.

 

Бұдан бұрын Атырау полициясы KAZ.NUR.KZ порталының сауалына аталған жол-көлік оқиғасындағы жаяу жүргіншінің (марқұмның) үстінен екінші болып (бейнежазбадағы ақ көлік) басып өткен көлік жүргізушісі табылғанын айтқан.

 

"Жаяу жүргіншіні екінші болып басып өткен көлік жүргізушісі тергеліп, іс материалына тіркелді. Іс сотта жатыр", - деген болатын Атырау қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Алайда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісінің әйелі жаяу жүргіншінің өліміне жалғыз күдікті күйеуі болып отырғанын алға тартады.

 

"Менде сұрақ көп. Жол-көлік оқиғасы түсірілген бейнежазбаны неліктен кесіп тастап отыр? Тергеу материалындағы видео толық емес. Онда жерде жатқан кісіні үш машина бірдей басып өткені көрініп тұр. Адамды қаққан бірінші көлік пен менің күйеуім жүргізген жедел жәрдемнің ортасындағы ақ көлікті таппаған ба? Неге ондай көлік болған жоқ деп отыр?", - дейді күйеуі үшін шырылдаған Қаламқас Бердиева.

 

Еске сала кетейік, Асқардың жақындары сот медициналық сараптамасының қорытындысын мәлім етті.

 

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болған жаяу жүргінші сот-медициналық сараптамасы бойынша барлық дене жарақатын бірінші қағып өткен автокөлік салдарынан алғанын көрсетті. Адам екінші автокөлік басып өткен кезде ғана қайтыс болған деп жазылған", - дейді Қаламқас Бердиева.

 

Асқар Мұқашевтың әйелінің сөзінше, марқұм жаяу жүргіншінің туыстары кінәлі адамнан сегіз миллион теңге өтемақы сұрап отыр.

 

Қаламқас Бердиева үйқамақта отырған күйеуінің жауапкершіліктен қашпайтынын алға тартты.

 

Айтуынша, жол-көлік оқиғасы болған түні оның күйеуін полиция ұстамаған. Тек оқиғадан жеті-сегіз ай өткенде оған кінә артылып отырғаны белгілі болыпты.

 

Атырау тұрғыны Ішкі істер министрінен, Жоғарғы соттан әділдік сұрайды.

 

 

 

 

 




Көрілген: 736    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.05.2021, 12:02

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30