Атырауда жеке тұрғын үйлердің ауласын сарышаян қаптады

19 қазан 2021, 01:43

Атырауда жеке тұрғын үйлердің ауласында сарышаяндар пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Сарышаяндардың пайда болғанына алаңдаушылық білдірген тұрғынның бірі – Данияр Әубекеров. Қазір ол Атырау қаласындағы «Нұрсая-3» шағынауданында тұрады.

 

«Қазір сарышаяндар мәселесі көршілердің арасында жиі талқыланатын тақырыпқа айналды. Көршілеріміздің кейбірінің ауласында бұл жәндіктің бірнеше түрі кездескен. Сарышаянның екі адамды шаққаны белгілі болып отыр. Зардап шегушінің бірі – ересек ер адам, екіншісі – бала. Менің балаларым да үйіміздің ауласынан сарышаянды көргенін айтты. Біз оларға сарышаянның қауіпті екені туралы ескертіп қойғанбыз. Сол себептен, олар сақтанып жүрді», - дейді Данияр Әубекеров.

 

Оның айтуынша, сарышаяндар Атырау қаласы маңындағы Еркінқала, Жұмыскер елді мекендерінде де байқалған.