Мәселе

Атырауда қоғамдық орында мас күйде жүрген 1 800-ге жуық адам жауапқа тартылды

  • https://ok.ru/

    https://ok.ru/

Атырауда қоғамдық орында мас күйде жүрген 1 800-ге жуық адам жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

9 шілде күні сағат 02:08 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына С. Датов көшесінде орналасқан көп қабатты үйдердің бірінде тұратын қала тұрғыны қоңырау шалып, балалар ойнайтын алаңда белгісіз ер адамдар ішімдік ішіп отырғандығы жөнінде хабарлама берген.

 

Хабарламаны тексеру барысында патрульдік полиция қызметкерлерімен С. Датов көшесі, 29 үйдің алдында орналасқан балалар ойнайтын алаңнан ішімдік ішіп отырған төрт ер адам анықталып, медициналық куәландыру орталығына жеткізілді.

 

Сараптаманың нәтижесімен 24, 25, 26 жастағы ер адамдар орта дәрежедегі мас күйде екендігі белгілі болды.

 

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлімімен әкімшілік хаттамалар толтырылып (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әрқайсысына 7 292 теңге көлемінде айыппұлдар салынды.

 

– Жыл басынан бері қоғамдық орында ішімдік ішкен күйде жүрген 1 723 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар полицейлер арнайы орындардан тыс жерде ішімдік ішуге және масаң күйде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін әрекетке жол беруге болмайтынын ескертеді. Ол үшін бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген. Ал дәл осы құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

 

 

 




Көрілген: 643    Пікірлер: 0

сенбі, 10.07.2021, 21:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30