Мәселе

Атырауда колледж студенттерінің жаппай улану себебі анықталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Атыраудағы колледждің 20 студенті не себепті уланғаны және бұған кімнің кінәлі екені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Атырау сервис колледжінде жүргізілген тексеру барысында оқу орнында кімнің газды бүркіп жібергені анықталды. Ол сонда білім алатын 2002 жылы туған студент болып шықты. Студент бұрышты газ шашқан. Аталған факт Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бұдан өзге ақпарат ҚР ҚК 201-бабына сай жария етілмейді» делінген Полиция департаменті таратқан хабарламада.


Еске сала кетейік, оқиға Атырау сервис колледжінде бейсенбі күні түс кезінде болған. Сабақ үстінде студенттердің біразы тұншыға бастаған. Содан сабақ тоқтатылып, барлығы ғимараттан шығарылған.


«20 адам улану белгілерімен ауруханаға жатқызылды. 7 адам жансақтау бөліміне түсті. Олардың жағдайлары қалыпты және өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол Сағынғали.


 




Көрілген: 342    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.06.2019, 11:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30