Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Атырауда үш ауысымдағы мектептерді тарату үшін 20 мектеп салынады

24 сәуір 2019, 10:45

Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін жаңа нысандар 12 184 орынды қамтитын болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ӨКҚ-де өткен баспасөз жиынында қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза Шангереева мәлімдеді."Нұрсая, Жұлдыз, Алмагүл және Тасқалада мектептердегі орын саны жетіспеушілігінен 3 ауысымдағы мектептер саны көбеюде. Қала бойынша осындай 13 мектеп бар. Бұл мектептердің жалпы жобалық орны 9 556 орынды құрайды, онда 24 356 оқушы оқиды. Артық оқушылар саны - 14 800. 3 ауысымдағы мектептерді тарату мақсатында қосымша 20 мектеп салыну жоспарланған", - дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза Шангереева. Айта кетейік, қазіргі таңда қалада 3 024 орындық 4 мектеп салынып жатыр (Берекеде - 1200, Нұрсаяда - 900, Жұлдыз - 1 ықшамауданы - 624, Дамба ауылында - 300 орындық).Мемлекеттік - жекешелік әріптестік есебінен әр қайсысы 600 орындық болатын тағы 8 мектеп салу жоспарда бар (Ақжар - 2 ауылы, Ақсай-2 ауылы, Көктем ықшамауданы, Жұлдыз - 2, Бірлік - 2 ауылы, Балауса ықшамауданы, Өрлеу ықшамауданы Тасқала - 2 және Еркінқала - 2 ауылынан). Қосымша жалпы саны 4 060 орындық 8 мектептің жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталады (№1 М.Жұмабаев - 160 орын, Самал ықшамауданы - 600, Жаңаталап ауылы - 300, Атырау ауылы - 600, Талғайран ауылы - 900, Жулдыз-3 ықшамауданы - 600, Нұрсая ықшамауданы - 600, Ғ.Мұратбаев атындағы - 300 орын).