Мәселе

Атырауда үйленгендеріне 4 күн болған жас жұбайлар ажырасуға келді

  • Фото: © pixabay.com

    Фото: © pixabay.com

4 күн бұрын тұрмысқа шыққан қызын анасы АХАЖ-ға жетектеп әкеліп, ерлі-зайыптыларды тез арада ажырастыруын сұраған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бастығы Нұрлы Хабиева өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

 

Оның айтуынша, былтыр Атырауда 3 мыңға жуық неке тіркеліп, ресми ажырасулар саны бір жарым мыңға жеткен.

 

Ажырасқандардың орташа жасы - 25-30 аралығында және әр жанұяда кем дегенде бір баладан бар.

 

«Өткен жылы ерлі-зайыптылар 60 жасында ажырасты. Ажырасушылардың қатарында үйленгендеріне төрт күн болған жас жұбайлар да болды, оларды қалыңдықтың анасы алып келді және тез арада ажырастыруын талап еткен», - деді Хабиева.

 

Оның айтуынша, жас жұбайларға АХАЖ бөлімі ажырасу туралы құжат беруден бас тартқан, өйткені ерлі-зайыптылар анасының ықпалынсыз өздері сотқа жүгіну керек.

 

Одан кейін оқиғаның қалай өрбігені АХАЖ қызметкерлеріне беймәлім.

 




Көрілген: 1001    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.02.2020, 17:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30