Мәселе

Атыраудағы жалғызбасты әйелдің пәтерінен 30 тонна қоқыс шығарылды

  • © Photo: СС0 / Karsten Paulick

    © Photo: СС0 / Karsten Paulick

Коммуналдық қызмет мамандары алпыс жастағы әйелдің пәтерінен 30 тонна қоқыс шығарды. Ол тұрмыстық қалдықтарды 20 жылдан астам уақыт бойы жинаған.


Облыстық әкімдіктің чатына пәтерден шыққан иіске шыдай алмаған тұрғындар ақпарат жолдаған. Әйелдің көршілері иіспен қоса, үйді егеуқұйрық басып кеткенін айтыпты.


"Қазір пәтер бірнеше жыл бойы жиналған қоқыстан тазартылып жатыр", - деп жауап берді тұрғындардың шағымына әкімдіктің баспасөз қызметі.


"Спецавтобаза" ЖШС-ның он қызметкері пәтерді екі күн бойы тазартқан. Қоқыс үш КамАЗ-бен шығарылыпты. Пәтер қоқыстан тазартылған соң үйді залалсыздандырып, егеуқұйрық пен түрлі жәндіктер улау жұмыстары жүргізілді.


Заттарды жинаудың патологиялық дертіне шалдыққан алпыс жастағы әйелге медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.


Қазір ол әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізілді. Мамандар оның құжаттарын жаңартып, зейнетақы рәсімдеуіне көмектеседі.


 Sputnik




Көрілген: 678    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.06.2019, 18:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31