Мәселе

Атыраудағы Жайық өзенінен 5 тонна өлі балық жиналды

  • Атыраудағы Жайық өзенінен 5 тонна өлі балық жиналды

    Атыраудағы Жайық өзенінен 5 тонна өлі балық жиналды

Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылу себептерін анықтау мақсатында тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.




«Қазіргі таңда өңірде ведомствоаралық комиссия балықтың қырылу себептерін анықтауға кірісіп кетті. Онымен қоса, қырылған балықты жинау жұмысы жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін 5 тонна өлі балық жиналды», - деп мәлім етті ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау комитетінің баспасөз қызметі.


 


Комитет мәліметінше, өзен суынан аммиак табылды деген ақпарат жалған. Негізі аммиак судан емес, балықтан табылған.  


 


Еске сала кетейік, Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылу себебін анықтау үшін өзенге су ағызатын 4 кәсіпорын тексеріліп жатыр. Атырау облыстық экология департаменті бас мемлекеттік инспекторы Қайратқали Хайрулланың айтуынша, мамандар «Атырау Су Арнасы» МКК, «Атырау ТЭЦ» АҚ, «Бекіре балығын өсіретін Орал-Атырау зауыты» мен «Атырау бекіре балығы зауытын» тексеруде.


 


Бұдан бұрын Атырауда Жайық өзеніндегі балықтардың неден қырылғаны айтылған болатын.


 


«Жайық өзеніндегі өлген балықтың сынамасын зертханада талдаудан өткізгенде, одан аммиак табылды. Қазіргі таңда бұл заттың өзенге қалай түскені анықталып жатыр», - деп хабарлады ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының басшысы Ғалымбек Бисенғалиев.      Автор: А.Соколов 




inform.kz




Көрілген: 1157    Пікірлер: 0

сенбі, 22.12.2018, 15:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30