Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Атыраудағы Наурыз мейрамында қазақстандық алып күш иесі әлем рекордын орнатты

23 наурыз 2019, 15:23

Сергей Цырульников 57 секундта 32 блокнотты жыртып үлгерді. Қазақстандық балуан Сергей Цырульников 57 секундта 32 блокнотты жыртты, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында 5 мыңға жуық атыраулық Сұлтан Бейбарыс алаңындағы музыкалық-театрландырылған қойылымды тамашалады.
Наурыз мерекесі аясында 45 киіз үй тігілген. Қала тұрғындары мен қонақтары ұлық мейрамды 12 алаңда атап өтті.
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтау сөзін ерлікпен қаза тапқан полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевті еске алумен бастады.

"Полиция қызметкерінің отбасы үшін бұл орны толмас қаза. Қайтыс болған жігіттің анасы жақында отағасынан айырылды, кеше сүйікті ұлы ажал құшты. Өкінішке қарай, алдымызда не күтіп тұрғанын білмейміз, сондықтан бір-бірімізді бағалайық. Наурызда ренжіскен адамдар татуласып, жақсылық тілеген. Баршаңызға денсаулық, өзара түсіністік пен отбасы жылуын, берекесін тілеймін" -деген облыс әкімі жиналғандарға полицейді бір минут үнсіздікпен еске алуды ұсынды.

Кейін мерекенің құрметті қонағы, қазақстандық балуан Сергей Цырульников 57 секундта 32 блокнот жыртып, әлем рекордын орнатты.