Мәселе

Атыраудағы шеру кезінде 20 шақты балаға күн тиіп, мұрнынан қан кеткен

  • © azh.kz

    © azh.kz

Атырау облыстық жедел жәрдем станциясының директоры Ерлан СҮЙЕУҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, олар өздерін нашар сезініп, мұрындарынан қан кеткен. Зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетілді.


1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елімізде мектептер мен басқа да білім беру мекемелерінің қатысуымен шеру өтті. Атырауда бұған бір жарым ай бұрын дайындала бастады... Мерекеден бір апта бұрын негізгі дайындық облыс әкімдігінің алдындағы алаңда өтті.


Қаладағы бүкіл мектептен, спорттық және шығармашылық оқу орындарынан барлығы 15 мыңға жуық бала шеруге қатысты.


Алдыңғы күні өте ыстық болатыны туралы ескертілген болатын, қалада термометр 36 градус ыстықты көрсетті.


Балаларға таңертеңгі сағат 7-де облыстық тарихи-өлкетану музейінің жанына жиналыңдар деп айтылған. Шеру сол жерден басталып, орталық көпір арқылы алаңға қозғалды. Шеру сағат 9.30-да басталды.


Ал Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі балаларда сәл ғана әлсіздік болғанын, сол жерде оларға медиктер көмек көрсеткенін, бірде бір бала ауруханаға жатқызылмағанын хабарлады.


Осы оқиғаға байланысты шеру ұйымдастырушыларға қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі.


azh.kz


 




Көрілген: 495    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.06.2019, 18:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31